Әлем фанаттары франциялық жартылай қорғаушы Дмитри Пайеге Instagram желісінде жүздеген мың қарғыс айтып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлем фанаттары франциялық жартылай қорғаушы Дмитри Пайеге Instagram желісінде жүздеген мың қарғыс айтып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұған Пайе мен Криштиану Роналдудың Евро-2016 финалындағы допқа таласы себеп болды. Осыдан кейін португалиялық команданың капитаны жарақат алған еді. Көз жасын тыя алмаған капитанды дәрігерлер көтеріп алып кетті. Оның орнына Рикарду Куарежма шықты.
Пайенің өзі де матчтың соңына дейін ойнай алмады. Оның орнына 58-ші минутта Кингсли Комана шықты.
Айта кетейік, Франция - Португалия матчының негізгі уақыты тең аяқталған болатын. Ал бірінші қосымша таймда командалар қауіпті сәттер жасай бастады. Ал екінші қосымша таймда португалдар Францияны тақырға отырғызды. 109-шы минутта Рафаэл Геррейру айып алаңынан допты қақпа бағанасына тигізсе, ал бір минут өткеннен кейін алаңға жаңа шыққан Эдердің тамаша соққысынан француздар өз қақпасын құтқарып қала алмады. Сөйтіп, есеп 1:0 болды.