30 желтоқсан 2021 10:05

Роналдудың Үндістандағы мүсініне жергілікті халық наразы

Жансая Қадыржанова Корреспондент
@MichaelLobo76 Twitter парақшасынан алынған сурет

Үндістандағы Гоа штатында әлемдегі ең танымал ойыншылардың бірі Криштиану Роналдудың мүсіні орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістандағы Гоа штатында әлемдегі ең танымал ойыншылардың бірі Криштиану Роналдудың мүсіні орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Роналдудың мүсіні Гоа штаты Калангут қаласында орнатылған. Алтын түспен жалатылған тас мүсіннің салмағы - 410 келі. Ал оны жасауға 16 мың АҚШ доллары жұмсалған.

"Криштиану Роналдудың мүсіні Үндістан жерінде алғаш рет орнатылып отыр. Жергілікті жастардың сұранысымен және елімізде футболды дамыту мақсатында осындай қадамға бардық", - деді Гоаның білім және технология министрі Майкл Лобо Twitter-дегі парақшасында.

Реклама
Реклама

Алайда жергілікті халық мүсін орнатылғанына наразы. Басылым мәліметінше, оның басты себебі 1961 жылға дейін Гоа штаты Португалияның колониясы болған.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram