Роналдуға 19 миллион еуро айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роналдуға 19 миллион еуро айыппұл салынды © REUTERS

Мадрид соты туриндік "Ювентус" клубының әрі Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуға қатысты салық төлемеу ісі бойынша 23 айға шартты түрде соттады және19 миллион еуро айыппұл салды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Португалиялық футболшы 2011-2014 жылдары аралғында 5,7 миллион еуро салық төлемегені үшін жауапкершілікке тартылған. Осы уақытта Роналду мадридтік "Реал" сапында өнер көрсеткен еді. 

Билікпен келісімге келген Роналду 18,8 миллион еуро және қосымша 375 мың еуро айыппұл төлейді. 

Роналду сот залынан шығып келе жатқан сәт © REUTERS

Криштиану Роналду мадридтік сот ғимаратынан шыққан уақытта "бәрі де керемет" - деді. 

Испанияда егер адам бұрын соңды қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған болса, екі жылға дейінгі уақыттың барлығы шартты түрде өтеледі. 

Роналдудың ісі бойынша сот отырсы сейсенбіде өтті. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети