"Ақтөбе" футбол клубы Самат Смақовтың бас директоры қызметінен кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Ақтөбе" футбол клубы Самат Смақовтың бас директоры қызметінен кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Басқарма төрағасы болып Артур Смағұлов, ал оның орынбасары әрі бас менеджері болып серб Горан Велькович тағайындалды. Ол бұған дейін "Атырауда" істеген.
Сондай-ақ Смақовпен сенімгерлік басқару шарты тоқтатылған. Сөйтіп клуб қайтадан мемлекет меншігіне өткен.
Смақовқа "Ақтөбе" сенім шарты 2018 жылы қарашада жеті жылға берілген. Келісім бойынша, ол клубты балалар мен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысуды қамтамасыз етіп, кредиторлық қарызды төлеп және жастар футболын дамытуы қажет болған.
"Ақтөбенің" тендердегі старт құны 100 миллион теңгеге бағаланған, кепіл жарнасы - 15 миллион, ал сату құны - 108 миллион болған.