"Қайрат" командасы мен Қазақстан футбол құрамасының жартылай қорғаушысы Самат Смақов маусымның соңында алматылық командамен келісімшартты үзгелі отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қайрат" командасы мен Қазақстан футбол құрамасының жартылай қорғаушысы Самат Смақов маусымның соңында алматылық командамен келісімшартты үзгелі отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Мен келісімшартты үзген жоқпын. Онда шешілетін кішігірім мәселелер қалды. "Қайратпен" маусым аяғында келісімшартты үзетінімді жүз пайыз сеніммен айта аламын. Себеп? Себеп әлдеқашан бәріне түсінікті болды, сондықтан ол жайында айтудың қажеті жоқ. Уақыт келгенде бәрін айтып беремін, бірақ қазір олай етпеймін. Командадағы серіктерім жайлы ештеме айтпаймын", - деп мәлімдеді Самат Смақов.
Еске сала кетейік, 22 қазанда өткен "Астана" - "Қайрат" матчынан кейін алматылық команданың басшылығы бес ойыншының матч пен жаттығудан шеттетілгенін мәлімдеген еді: қақпашы Дмитрий Хомич, қорғаушылар Зәуірбек Пілиев, Александр Кислицын және жартылай қорғаушылар Михаил Бақаев пен Самат Смақов. Ойын 5:1 есебімен Станимир Стойлов шәкірттерінің пайдасына шешілді.
Кейін "Қайрат" ресми мәлімдеме жасады, онда басшылық тәртіп шараларын жоғарыда аталған ойыншылардың "Астанамен" қарсы ойында "міндетті спорттық күрес" жүргізбегенімен байланыстырды. Келісімшартты үзу мәселесін "Қайрат" командасының басшылығы қарастырып отырған жоқ. Қазіргі уақытта құрамында Самат Смақов кіретін "Қайрат" турнир кестесінде екінші орында. Тізімде көшті алматылықтардан бір ойынға кем ойнаған "Астана" командасы бастап тұр. Турнир кестесімен мына жерден танысуларыңызға болады.