Сауд Арабиясы құрамасының футболшылары болған ұшақта өрт шыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауд Арабиясы құрамасының футболшылары болған ұшақта өрт шыққан © REUTERS/Kai Pfaffenbach

Сауд Арабиясы құрамасының футболшыларын Уругваймен Дондағы Ростовта өтетін матчқа тасымалдаған ұшақтың қозғалтқышында өрт шыққан. Төтенше жағдайдың видеосы Twitter желісіндегі OKAZ_onlinе парақшасында жарияланды.

Абырой болғанда, өрттен ешкім зардап шекпеген. 

Бірақ кейінірек Сауд Арабиясы құрамасының баспасөз қызметі Twitter желісінде өрт жайлы хабарды жоққа шығарды.

"Жолаушылардың өміріне ешқандай қауіп төнген жоқ. Ұшақ Дондағы Ростов әуежайына қонғанда ешқандай төтенше жағдай жарияланған жоқ. Қозғалтқышта өрт шықты деген мәлімет шындыққа жанаспайды", - деді әуе тасымалдаушы компаниясының өкілі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети