26 шілде 2016 18:12

"Селтик - фаворит, алайда біз ешкімнен қорықпаймыз - "Астана" ФК бас бапкері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Станимир Стойлов. © Тұрар Қазанғапов Станимир Стойлов. © Тұрар Қазанғапов

"Астана" ФК бас бапкері Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде қазақстандық клуб пен "Селтик" арасында болатын ойынның қарсаңында мәлімдеме жасап, қарсылас команданың фаворит екендігін айта кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Астана" ФК бас бапкері Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде қазақстандық клуб пен "Селтик" арасында болатын ойынның қарсаңында мәлімдеме жасап, қарсылас команданың фаворит екендігін айта кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біз ертең қиын ойын болатынын білеміз. Қорғаныста сақ ойнау қажет. Егер өз алаңымызда қақпаға доп жібермей, қарсылас командаға гол соғар болсақ, жақсы нәтиже болады. Жарақатына байланысты осы ай бойында алаңға шықпайтын Таңат Нөсербаевтан басқа ешқандай қиындық жоқ. "Селтикке" "Астанамен" болатын ойын маңызды. Олардың "Лестер" және "Барселонамен" өткізген ойыны - достастық кездесулер, ал бізбен басқаша ойнайтын болады. Менде бұл команда туралы жеткілікті мәлімет бар. Ертең не боларын көрерміз", - деді ол.

Сонымен қатар, бапкер шотландиялық клубты қалай жеңуге болатындығын айтып өтті. "Селтик" - өте күшті қарсылас және фаворит, алайда біз алдыңғы жылы ештеңеден қорықпайтынымызды дәлелдеген болатынбыз. Ең бастысы, біздің команда қандай ойын көрсетеді. "Селтикті" қалай жеңуге болады? Біз үшін алаңдағы тәртіп маңызды, бағымыз бен бабымыз қатар шапсын деп тілейік. Сондай-ақ жанкүйерлер де көмек береді", - деді Стойлов.

Ойын қарсаңында қазақстандық маман Ағаділ Хасенов Vesti.kz тілшісіне осы ойын жайлы пікірін айтқан болатын. Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

"Селтиктің" мүмкіндігі зор деуге келмес, себебі "Астана" ойынға жаңа қосылған жоқ. Алдыңғы жылы Чемпиондар лигасының топтық кезеңдерінде ойнады. Әрине, шотландиялық клубтың еурокубокқа кіруі олар үшін маңызды, алайда соңғы екі-үш жылда "Астана" да одан қалыс қалар емес. Сондықтан, менің ойымша, алдағы ойында біздің команда ұтады деген сенімдемін. "Астана" бірінші ойынды өз алаңында өткізетіні жақсы болды. "Өз үйің - өлең төсегің" деуші ме еді, психологиялық көмек қой. Астаналықтар 1:0 есебімен жеңеді деген сенімдемін", - дейді Хасенов.

Айта кетейік, "Астана" - "Селтик" кездесуі 27 шілдеде Қазақстанның бас қаласында өтеді. Ойынды Астана уақытымен 20.00-де тікелей эфирде KazSport арнасынан көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети