16 қазан 2014 | 19:49

"Шахтер" футбол командасы әлі күнге дейін жалақы алмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©shahter.kz ©shahter.kz

Қарағандылық "Шахтер" футбол командасының ойыншылары Еурокубок сайыстары кезінде, яғни екі айдан бері жалақыларын алған жоқ, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл мәселені шешуді қазақстандық бапкерлер мен футболшылар кәсіподағы өз мойнына алып отыр.  


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандылық "Шахтер" футбол командасының ойыншылары Еурокубок сайыстары кезінде, яғни екі айдан бері жалақыларын алған жоқ, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл мәселені шешуді қазақстандық бапкерлер мен футболшылар кәсіподағы өз мойнына алып отыр.  

Қазақстан футболшылар кәсіподағының жетекшісі Әйгерім Сабралиеваның айтуына қарағанда, "Шахтер" клубының басшылығы қарыздар қысқа мерзімде қайтарылатынын ашық айтып, уәде берген, енді жуық арада екі айдың жалақысы төленеді. Ал, еурокубок ойындары үшін төленетін сыйақы келісімшартта көрсетілген негізде жүзеге асырылады. 

"Осыған байланысты атқарушы директор Ерден Халилинге "клуб қарызды қалай қайтарады?" деп ресми хат жолдадық", - дейді ол. Сабралиева сонымен қатар, "Шахтер" ойыншылары мен жаттықтырушыларына ақша төлеуге дайын екенін, десе де қазір кассада қаржы жоқтығын, команда Қарағанды облысы бюджетіндегі үлесін күтіп отырғандығын айтқан.   

Тілшінің "осы маусым аяқталғанша, "Шахтер" барлық қарыздан құтылып бола ма?" - деген сұрағына спипкер "Ақжайық", "Ертіс", "Жетісу" командаларын мысалға келтіре отырып жауап берді. "Біз "Шахтердің" көзіндегі көзілдірік шешілгенін қалаймыз, былтыр "Ертіс" командасымен қалай болды, сол секілді бәрін сайыстың қортындысы шешеді. Қазір кеншілер командасының үшінші орынға қол жеткізіп, еурокубокқа жолдама алуға мүмкіндіктері бар. Егер қаржылық мәселелер шешілмей, команда медаль алмай қалса, өкініштің көкесі сонда болады", - деп сөзін толықтырды Сабралиева. Толығырақ мына жерден оқыңыз. 

Естеріңізге саламыз, "Шахтер" футбол командасының қарызы туралы бірінші рет команда бапкері Виктор Кумыков тамыздың аяғында Vesti.kz сайтына берген сұхбатында айтқан болатын. Сондай-ақ, команда жетекшісі бапкерлер мен ойыншылар төрт айдан бері жалақы алмағанын тілге тиек еткен. Артынша клубтың басшылығы бұған бюджет бекітіп жатқан кезде девальвация болғанын айтып ақталған еді. Мұнан кейін біз команданың қарызы өтеле бастағанын да жазғанбыз

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети