"Шахтер" футбол клубы ойыншыларына берешек жалақыларын төлей бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. БАҚ таратқан ақпаратқа қарағанда футболшыларға бір айдың жалақысы төленген.
"Шахтер" футбол клубы ойыншыларына берешек жалақыларын төлей бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. БАҚ таратқан ақпаратқа қарағанда футболшыларға бір айдың жалақысы төленген.
Клуб облыс әкімдігінің көмегімен жақын арада ойыншылар алдындағы барлық міндеттерін орындауды жоспарлап отыр. Айта кетейік, қазір футболшылар "Ақтөбе" клубымен болатын ойынға дайындалуда. "Шахтер" ФК-ның спорттық жоспарлары туралы мына жерден толығырақ оқи аласыздар.
Естеріңізге сала кетейік, клубтың бас бапкері Виктор Кумыков 31 тамыз күні Vesti.kz порталына берген сұхбатында футболшылардың, бапкерлер мен клуб қызметкерлерінің үш ай бойы жалақыларын ала алмай жүргендерін мәлімдеген. Түзде "Қайраттан" 1:6 есебімен ойсырай ұтылуларының себебі де дәл осы екендігін айтқан.
"Бұлай ойсырай ұтылуымыздың себебі – бірінші кезекте, команданың психологиялық күйінде. Білесіз бе, оңбай жеңілуімізге біреуді кінәлағым келмейді. Ойыншылардан нәтиже талап ету үшін, оларға еңбекақыларын төлеу керек. Ал біз үш ай болды, жалақымызды алмай жүрміз. Ал 1 қыркүйектен бастап төртінші ай басталады", - деген Кумыков.
Ол қаржыландырудың тоқтап қалуы біраздан бері футболшыларға әсер етіп жүргендігін тілге тиек еткен. "Бізде бәрі де кері тартып тұр – біз жеңіске де жете алар емеспіз, қиындықтар да қыспаққа алып барады", - деп сипаттаған бапкер командадағы жағдайды. Алайда "Шахтер" ФК-ның қызметкерлері арасында ешқандай да ұрыс-керістің жоқ екендігін баса айтқан еді.