Қазақстандық футболшы Самат Смақов ертең Румынияға қарсы ұлттық құрама сапындағы соңғы ойынын өткізеді. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.
Қазақстандық футболшы Самат Смақов ертең Румынияға қарсы ұлттық құрама сапындағы соңғы ойынын өткізеді. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.
"Румыниямен өтетін ойында ұлттық құрама сапындағы соңғы ойынымды өткіземін. Әзірге өзге ештеңе айта алмаймын. Ойын соңынан хабарлайтын боламын", - деді футболшы.
37 жастағы қазақстандық футболшы ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын 2000 жылы өткізген. Команда сапында ең көп ойынға (74 ойын) қатысқан футболшы. 2011 жылы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағанын еді. Кейіннен араға 3 жыл салып қайта оралған-ды.
Самат Смақов ұлттық құрама сапында соңғы рет Қырғызстан құрамасына қарсы ойнаған болатын. Ал әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өткен Польша мен Черногория құрамасына қарсы ойнаған жоқ.
Айта кетейік, Қазақстан мен Румыния арасындағы ойын ертең "Астана Аренада" өтеді. Астана уақытымен кешкі сағат 22:00-де басталатын кездесуді "Қазақстан" ұлттық арнасынан тікелей эфирден көрсетеді.