Өткеннен белгілі Мәскеу "Спартагының" әйгілі футболшысы Федор Черенков сенбіде, 4 қазанда 56 жасқа қараған шағында өмірден озды деп хабарлайды РИА Новости.
Өткеннен белгілі Мәскеу "Спартагының" әйгілі футболшысы Федор Черенков сенбіде, 4 қазанда 56 жасқа қараған шағында өмірден озды деп хабарлайды РИА Новости.
"Таңғы төртте Федор Черенков дүниеден озды" деп жазады футболшы Егор Титов Twitter-дегі жеке парақшасында.
Федор Черенков "Спартак" атынан 1977 жылдан бастап 1990 жылдарға дейін спортта өнер көрсетті. Сондай-ақ 1991 және 1993 жылдары да өз командасына адал болды. КСРО чемпионатында 366 ойын өткеріп, 89 гол соққан, Ресей чемпионатының 32 матчына қатысып, 6 голды қарсыластар қақпасына сүңгіткен. 1979 және 1990 жылдар аралығында 34 кездесу өткізген ол КСРО құрамасына 12 рет жеңіс әкелген. Сонымен қатар 1990 және 1991 жылдар аралығында ол француздың "Ред Стар" құрамында ойнады.
Черенков Кеңес Одағы чемпионатында үш мәрте жеңісті олжаған. Ресей Кубогын бір рет иемденген, КСРО-ның ең мықты футболшысы боп екі рет мойындалған, ал 1989 жылы КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды.1980 жылдары Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарында ұлттық құрама сапымен қол жүлдені жеңіп алған. Спорт карьерасын тәмамдаған соң Черненков әртүрлі жылдары "Спартактың" негізгі және жастар құрамасының жаттықтырушысы қызметін атқарды.