2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турында Қазақстан құрамасымен өткізген матчтан кейін Румынияның үш бірдей футболшысының жарақаты анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт сайты GSP.ro басылымына сілтеме жасап.
2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турында Қазақстан құрамасымен өткізген матчтан кейін Румынияның үш бірдей футболшысының жарақаты анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт сайты GSP.ro басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, 26-шы минутта алаңнан шыққан капитан Драгош Грегоренің мұрны сынған. Қорғаушы екі апта бойы ойынға қатыса алмайды, ал келесіде арнайы бетпердемен алаңға шығады. Ал жартылай қорғаушы Александру Кипчу біріншің таймның соңғы минуттарында алаңнан шығып қалды. "Андерлехт" ойыншысының сіңірі тартылып қалған.
Сондай-ақ, тағы бір қорғаушы Кристиану Сапунарэның жағдайы қиындау екен. Ойыншының бес бірдей тісі сынып, Астананың ауруханаларының біріне жеткізілген. Ол толықтай қаралуы тиіс. Алайда Сапунарэ өткен матчтың 90 минутын толықтай ойнап шыққан.
Ал Қазақстан құрамасының ойыншысы Дмитрий Шомко Румыниямен өткізген матчқа қатысты пікірінде қарсыластардың ойнау мәнерін сынаған еді. "Өз ар-ұяттары білсін. Өздері сондай футбол ойнаса, бұл оларға ұнайды деген сөз - тиіспесең де ауырсынып жатып алады, түрлерін тыржитып жатып алады", - деді ол.
Еске салайық, бұл кездесу тең аяқталған еді - 0:0. Сөйтіп, 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен құрамамыз екінші ұпай алып отыр. Ойынның ең қызықты сәттеріннен үзіндіні ұсынамыз. Қазақстан құрамасы келесі ойынын 11 қарашада Копенгагенде Дания құрамасымен өткізеді.