Таиландта төменгі лигалардың бірінде кубокқа талас матчында таңғаларлық гол соғылды, - деп хабарлайды The Sun.
Таиландта төменгі лигалардың бірінде кубокқа талас матчында таңғаларлық гол соғылды, - деп хабарлайды The Sun.
Патхумтхани провинциясында "Бангкок Спортс Клаб" және "Сатри Ангтхонг" командалары арасында өткен ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. Осыдан кейін футболшылар пенальти орындауға кіріскен.
Командалар ұзақ уақыт бойы жеңімпазды анықтай алмады. Ойыннан кейінгі орындалған пенальтилер саны 19-19-ға жеткен. "Бангкок Спортс Клаба" клубының ойыншысы жиырмасыншы рет пенальти орындаған сәтте доп қақпаның маңдайшасына тиген, сол мезетте "Сатри Антхонг" қақпашысы бөрігін аспанға атып қуанып, қақпадан кетіп қалған. Биікке ұшқан теңбіл доп жерге түсіп, қақпаға кірген. Ешкім допқа тимегендіктен гол саналды.
Нәтижесінде "Сатри Ангтхонга" ойыншысы мүлт кетіп, "Бангкок Спортс Клаб" футболшылары турнир финалына шықты.
Осындай таңғаларлық гол соғылған сәттер Морокко мен Италияда болған еді.