"Талапқа сай келмейді". Магомед Адиев Словакиямен өткен ойыннан кейін пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Словакиямен болған матчты қорытындылау үшін баспасөз мәслихатына қатысып, тілшілердің сұрақтарына жауап берді деп хабарлайды, - Vesti.kz сайты. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Словакиямен болған матчты қорытындылау үшін баспасөз мәслихатына қатысып, тілшілердің сұрақтарына жауап берді деп хабарлайды, - Vesti.kz сайты. 

- Бүгінгі ойын жайлы не айтасыз?

- Кез-келген команданың өз ерекшеліктері болады. Біз Словакияның мықты ойыншыларын тұсап ұстауға тырыстық. Қарап қалмай, қарымта шабуылдарға шығып, гол соғатын мүмкіндіктер жасадық. Әрине, қарсылас допқа көп иелік етті.

Біз он күн ішінде небәрі он бес шақты футболшымен ойнап шықтық. Еліміздің көрсеткен қолдауын да айта кету керек. Олар бізге күш беріп, алға жетеледі.

 
- Қазақстан құрамасының мұндай жетістікке жетуіне не себеп болды?

- Футболда жеңіспен бірге, жеңіліс те қатар жүреді. Беларусьпен өткен матчтың соңғы жағында гол жіберіп, ұтылып қалуымыз мүмкін еді. Ең бастысы, біз бапкерлер штабымен бірге киім ауыстыратын бөлмедегі атмосфераны жақсарта алдық. Командада мықты ойыншылар мен үздік бапкер бола тұра, бірлік болмаса, нәтижеге жету өте қиын.

Футболшылар бар күшін салды. Бұл олардың мерекесі. Бас бапкерге қарағанда ойыншылардың еңбегі көп болды. Алғаш рет жеңісті осылай тойлаған шығармын. Жігіттердің арқасында эмоцияға ерік беріп, балаша қуандым. Бұл үшін оларға көп рахмет!

- Ұлттық құрамаға көп шақыртылмайтын Михаил Габышевтің ойынын қалай бағалайсыз?

- Тимур және Мишамен "Шахтерде" бірге жұмыс істедім. Оларды ұлттық құрамаға не үшін шақырғанымды жақсы білемін. Қос қапталға әр ойын сайын ротация жасау қажет болды. Сол қапталда Тимур, Ян және Ғафур, ал оң қапталда Михаил мен Бағдат ойнай алады. Словакиямен болған екі матчта да Габышев өнер көрсетті. Себебі бұл ойынға оның қарым-қабілеті керек деп есептедік.

- Беларусьпен болатын ойынды Ақтөбеде өткізу жоспарда бар ма?

- Мен Ақтөбедегі стадионға бапкер ретінде екі рет барып, тамаша атмосфераның куәсі болдым. Алғашында пандемияға байланысты жанкүйерлерді стадионға кіргізбеді. Бірақ олар сыртта тұрып, матч бойы қызу қолдау көрсетті. Екінші рет келгенде қосалқы стадионда ойнадық. Ол кезде де керемет қолдау көрсетті. Сондықтан Ақтөбедегі жанкүйерлер құрметке лайық деп ойлаймын. Дегенмен ол жақтағы стадион талапқа сай келмейді екен. Сол себепті УЕФА-ға Беларусьпен болатын матчты "Астана Аренада" өткізу туралы өтініш жолдап қойдық.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro