Танымал футбол бапкерінің анасы коронавирустан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал футбол бапкерінің анасы коронавирустан қайтыс болды © REUTERS

"Манчестер Сити" бас бапкері Хосеп Гвардиоланың анасы Долорс Сала Барселона маңындағы қалашықта коронавирус инфекциясынан көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ағылшын клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Манчестер Сити" бас бапкері Хосеп Гвардиоланың анасы Долорс Сала Барселона маңындағы қалашықта коронавирус инфекциясынан көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ағылшын клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Манчестер Сити" отбасы Пептің анасы Долорс Сала Каррионың Манреста (Барселона) коронавирус жұқтырған соң қайтыс болғанын қайғыра хабарлайды. Ол 82 жаста болатын. Клубпен байланысы бар әр адам осындай қайғылы сәтте Пепке, оның отбасы мен достарына көңіл айтады", - делінген хабарламада.  

"Манчестер Сити" - Премьер-лигада ойнайтын ағылшын футбол клубы. Англия чемпионатының былтырғы чемпионы. 

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, Испания COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша екінші орында келеді. Елде 135 мыңнан аса адам вирус жұқтырған. 13 169 адам инфекциядан қайтыс болған. Қазіргі уақытта вирустан емделгендер саны 40,4 мың адамға жеткен. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети