"Тараз" командасы эстониялық ойыншымен толықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тараз" командасы эстониялық ойыншымен толықты Фото: fifa.com

Футболдан Қазақстан біріншілігінде өнер көрсететін "Тараз" командасы эстониялық жартылай қорғаушы Мартин Вункты өз қатарларына қосты деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Ойыншымен клуб жетекшілері осы жылдың соңына дейін келісім-шартқа отырған. Бұл ойыншы жанкүйерлерге таллиндік "Флора" командасының қатарында өнер көрсетіп жүргенде жақсы танылған. Ал, 2011 жылы швециялық "Сюрианска" , одан кейін кипрлік "Неа Саламина" командалардың намысын қорғаған. Эстония құрамасының сапында Мартин 2008 және 2012 жылдары арасында өнер көрсетіп, 46 ойында бір нәтижелі соққымен көзге түскен. Айта кетейік, ертеректе жамбылдық команданың сапын голландиялық екі бірдей ойыншы Десли Уббинк және Сигурни Банджар толықтырған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети