Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

"Тобыл" футбол клубы бас бапкер іздеуге көшті

15 Сәуір 2014, 18:48
0
Сурет fc-tobol.kz сайтынан алынды
Сурет fc-tobol.kz сайтынан алынды

Бүгін Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов "Тобыл" футбол клубы ұжымымен кездесіп, бас бапкердің отставкаға кету жөніндегі шешімін қабыл алғандықтарын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Тобыл" футбол клубының ресми сайты бүгін түстен кейін аймақ басшысы Нұралы Сәдуақасовтың "Затоболец" стадионында облыс командасымен кездескендігін жариялады. Онда облыс әкімі: "Бәріңіз де жағдайдың қандай екендігін білесіздер деп ойлаймын. Алты ойын – бір жеңіс, екі тең ойын, үш жеңіліс. 10-орын, бар болғаны үш-ақ гол соқтық. Осындай құраммен және осындай бюджетпен "Тобыл" өзіне лайықты орында емес. Осы жерде клубтың тарихын еске түсіруіміз керек. "Тобыл" жаңа заманда жүлделі орындарға таласатын. Басқадай ойын біздің жанкүйерлерге керек емес", – деп тоқетерін айтқан.

Әрі дәл қазір дайын тұрған бас бапкер жоқ екендігі де айтылып, облыс әкімі команда басшыларына айтпай, олардың сыртынан басқа мамандар іздемегендігін де тілге тиек еткен. Әзірше бас бапкерлік міндетті сол бұрынғысынша Сергей Масленовтың өзі атқара беретіндігі де команда мүшелерінің алдында жария етілді.

Сондай-ақ ойыншылардан өздерінің келісімшарттағы міндеттеріне адал болып, өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарау талап етілді. Облыс әкімі футболшыларды "сіздер кәсіпқой ойыншысыздар, сіздер менің алдымда емес, жанкүйерлер мен өздеріңізге қарыздарсыздар, сондықтан жұдырықтай жұмылып, тығырықтан шығуға тырысыңыздар" деп қайрады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай