Түркиялық қақпашы ойын бастала сала алаңнан қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркиялық қақпашы ойын бастала сала алаңнан қуылды

Футболдан Түркия чемпионатының "Коньяспор" мен "Йени Малатьяспор" арасындағы сегізінші айналымның ойыны қызықты оқиғадан басталды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


Футболдан Түркия чемпионатының "Коньяспор" мен "Йени Малатьяспор" арасындағы сегізінші айналымның ойыны қызықты оқиғадан басталды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Ойын бастала салысымен қарсылас алаңында ойнаған "Йени Малатьяспор" футболшысы допты ұзақтан форвардқа қарай бағыттады. Алаң иелерінің қақпашысы Серкан Кырынтылы оны қағып алу үшін қақпадан шықты, алайда, есебі дұрыс болмады.

Айып алаңынан шығып кеткен голкипер допты ереже бойынша тоқтата алмайтынын түсінді. Дегенмен командасын голдан құтқару үшін ол допты қолымен ұстап алды, бірақ, ережені өрескел бұзғанын түсініп, қолғаптарын шешіп алаңнан шығып кетті. Төреші Серканға қызыл қағаз көрсетті.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети