Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) "Қайраттың" қақпашысы Шерхан Қалмұрза қайтарған айып добын Чемпиондар лигасы ойын күніндегі үздіктердің қатарына қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
УЕФА-ның баспасөз қызметі жазба жариялап, жанкүйерлерден қай қақпашы жасаған сейв үздік болғанын сұрады.
Алматылықтардың 18 жастағы қақпашысы "Спортингке" қарсы матчтің бесінші минутында жасаған сейв үздік бестікке енді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қалмұрзадан бөлек, үздіктер қатарына "Галатасарай" қақпашысы Угурджан Чакыр, "Наполиден" Ваня Милинкович-Савич, "Ньюкасл" голкипері Ник Поуп және "Спортинг" қақпашысы Жуан Виржиния кірді. Соңғысы Дастан Сатпаевтың соққысынан кейін португалдарды құтқарып қалған.
Шерхан Қалмұрза – ЛЧ тарихындағы ең жас қақпашылардың бірі
Айта кетейік, Шерхан – "Қайраттың" үшінші қақпашысы. Ол негізгі құрамға Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алған соң шықты.
"Спортингке" қарсы матч – оның Чемпиондар лигасындағы ғана емес, жалпы ересектер арасындағы алғашқы ойыны болды.
Ойын басталған сәтте Шерханға небәрі 18 жас 96 күн еді. Бұл оған Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас үш қақпашының қатарына енуге мүмкіндік берді.
Ол Еуропаның басты турнирінде әйгілі Икер Касильястан (18 жас 118 күн) және Давид де Хеядан (18 жас 327 күн) ертерек алаңға шықты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, ойын барысында Шерхан Қалмұрза айып добын қайтарды. Сол арқылы "Қайрат" алғашқы таймның көп бөлігінде қақпасын құрғақ сақтап қалды.
Матч 4:1 есебімен аяқталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!