УЕФА Қазақстан құрамасының футболшысына қатысты іс қозғады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

УЕФА Қазақстан құрамасының футболшысына қатысты іс қозғады

Қостанайлық "Тобыл" команда мен Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Руслан Валиуллиннің допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткеніне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

"Тобыл" футбол клубы Руслан Валиуллиннің допингке қарсы ережелерді бұзу ықтималдығына байланысты УЕФА тарапынан тәртіптік іс қозғалғаны туралы ақпарат алды. Барлық ақпарат клуб ішіндегі құзыретті мамандарға жеткізілді, қазіргі уақытта тыйым салынған заттар футболшы қанына қалай енгенін анықтау үшін ішкі тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Клубтың тағы бір футболшысы Сергей Малый мен Руслан Валиуллиннің допинг-сынамасы "Жилина" - "Тобыл" матчінен кейін алынған.

"Сынақ нәтижесі Русланның жеке поштасына 2 қыркүйекте жіберілген. Ол уақытта футболшы Қазақстан құрамасы делегациясының құрамында Финляндияға аттанған болатын. Клуб қазір істі мұқият зерттеу мақсатында ҚФФ заңды органдарымен үнемі байланыста екенін жеткізеді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Валиуллин 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында 1 қыркүйекте "Астана-Аренада" өткен Украинаға қарсы матчтің басты қаһарманы болған. Ойыншының дублі арқасында Қазақстан құрамасы украиндармен тең түскен - 2:2.

Ойыннан кейін футболшы дубльді жақында өмірден өткен әжесіне арнайтынын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от "TOBOL" FÝTBOL KLÝBY (@fctobol)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от "TOBOL" FÝTBOL KLÝBY (@fctobol)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети