24 желтоқсан 2019 | 17:48

УЕФА қазақстандық клубты екі маусымға еурокубоктардан шеттетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: "Ордабасы" ФК Фото: "Ордабасы" ФК

Шымкенттік "Ордабасы" 2020/21 және 2021/22 жылғы маусымдарда еурокубоктардан шеттетілді, - деп хабарлайды Vesti.kz УЕФА ресми сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Шымкенттік "Ордабасы" 2020/21 және 2021/22 жылғы маусымдарда еурокубоктардан шеттетілді, - деп хабарлайды Vesti.kz УЕФА ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстандық клуб қаржылық Fair Play ережесін бұзғаны үшін жазаланды, сондай-ақ оларға 100 мың еуро айыппұл салынды. Егер "Ордабасы" 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін кредиттік қарыздар ретінде көрсетілген соманы төлегенін дәлелдей алса, жазадан құтылады. 

Осылайша, "Ордабасы" келер жылы Еуропа лигасында ойнамайды. Шымкенттік клуб ҚПЛ-дың қола жүлдесін еншілеген еді. 

Еске салсақ, 2018 жылы да "Ордабасы" салық бойынша қарыздары үшін Еуропа лигасынан шеттетілген - сол кезде шымкенттіктердің орнына еурокубокқа "Тобыл" қатысқан болатын. 

Айта кетсек, "Ордабасыдан" бөлек, словениялық "Олимпияға" 75 мың, сербиялық "Црвена Звездаға" 50 мың еуро көлемінде айыппұл салынды.

УЕФА қаржылық Fair Play ережесін 2011/12 жылғы маусымда енгізген. Оның мақсаты - қаражатты дұрыс жұмсау және шығындарды көбейтпеу. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети