25 тамыз 2014 | 14:36

УЕФА Ресей футболына алғашқы санкциясын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Еуропа футбол одағы (УЕФА) Ресей футбол федерациясына қарсы алғашқы санкциясын жариялады, деп хабарлайды «Алаш айнасы» газеті УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Еуропа футбол одағы (УЕФА) Ресей футбол федерациясына қарсы алғашқы санкциясын жариялады, деп хабарлайды «Алаш айнасы» газеті УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Украина мен Ресей арасындағы тұрақсыз жағдайға байланысты УЕФА-ның төтенше жағдайлар комитеті кезектен тыс жиналыс өткізді. Комитет отырысы барысында Қырым аймағында орналасқан бұрынғы «Таврия» бүгінде «Симферополь», «Севастополь» және «Жемчужина» клубтарының Ресей біріншілігінде өнер көрсету заңдылықтары қарастырылды. Ал жиын соңында комитет мүшелері бірауыздан Ресей футбол федерацисының аясында қырымдық клубтар өткізген кез-келген матчтар УЕФА тарапынан мойындалмайды деген шешімге келді.

«УЕФА клубтарға футбол ойнауға кедергі келтірмейді. Керісінше, УЕФА адамдардың достастығын арттыру үшін, әсіресе тоқырау кезінде адамдарды біріктіру үшін футбол ойындарын кез-келген жерде өткізуге ниетті. Бірақ футбол ойындары елдің заңнамасы аясында өтіп, УЕФА-ның барлық 54 мүшесіне бірдей шығарылған шарттарына сай болуы керек. Сондықтан да УЕФА Ресей футбол федерациясының аясында қырымдық клубтар өткізген кез-келген матчтарды мойындамайды», - делінген УЕФА-ның таратқан ресми хатында.

Заң бойынша енді Қырым клубтары Ресей біріншілігінде ойнай алмайды. Егер, Ресей футбол федерациясы Қырым клубтарын өз біріншіліктерінде ары қарай да ойната беретін болса, онда УЕФА Ресей клубтарын Еурокубоктың бәсекелерінен шеттетіп жіберуі мүмкін. Алайда, бұл мәселе әлі мақұлданбады. Оны одақ мүшелері алдағы уақытта қарастырамыз деп отыр.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети