УЕФА Киев пен Львов қалаларынан өзге Украина жерінде халықаралық футбол мачтарын өткізбеу туралы Украина футбол федерациясына ресми хат жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Хатта УЕФА жетекшілері Украина жерінде (Киев пен Львов қалаларынан бөлек) ұлттық құрамалардың (ерлер, жастар, жасөспірімдер, әйелдер) ойындарын өткізуге тыйым салған. Бұл хатты Украина футбол федерациясының баспасөз қызметі де растап, УЕФА тарапынан Украина футболына орнатылған бұл санкция қазан айына дейін жалғасатындығын айтты.
"Украина футбол федерация УЕФА тарапынан ресми хат алды. Онда қазан айына дейін еліміздің барлық құрамалары мен клубтары ұйым аясында өтетін матчтарды тек Киев пен Львов қалаларында өткізуге құқылы екендігі туралы айтылған. Ал одан кейінгі шешім елдегі саяси ахуалдың тұрақтануына байланысты қабылданатын болады", - дейді УФФ баспасөз қызметі.