UEFA.com басылымы "Астана" клубының Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнайтын маңызды спортшыларын атады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Еске сала кетейік, елордалық клуб Португалияның "Бенфика" клубымен кездеседі. Матч Астана уақыты бойынша сағат 00.45-те басталады. Кездесуді "Таң" телеарнасы тікелей эфирде таратады.

Басылымның мәліметінше, "Астана" клубындағы жартылай қорғаушылар Неманья Максимович, Георгий Жуков және Рохер Каньяс көп көзге түседі. Ал негізгі шабуылды Фокси Кетевоама мен Бауыржан Жолшиев ұйымдастырады. "Ең маңызды рольді 21 жастағы Патрик Твумаси атқарады. Дегенмен ол іріктеу кезеңіндегі ХИК клубымен болған ойын кезінде ереже бұзғаны үшін төрт ойыннан шеттетілді. Cондықтан да ол С тобындағы клубтардың арасында болған ойындар кезінде 4 мачтқа қатыспайды", - деп атап өтті UEFA.com.
Басылым қазақстандық клубтың құрамының мықты және әлсіз жақтарын бөліп қарау қиын екенін де атап өтті. "Станимир Стойловтың негізгі құрамды ауыстыратын мықты спортшылар таба алатынына сену қиын", - деп жазды басылым. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Бұған дейін португалиялық ақпарат құралдары "Астана" клубының әлсіз және мықты жақтарын ашып айтқан болатын. Maisfutebol порталы қазақстандық клубтық жарқын әрі ерекше екенін, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығу үшін сапалы ойын көрсеткенін, көп шабуылдамаса да гол салуға ыңғайлы сәттерді іздегенін жазды. "Командадағы ең басты прблема - қарсыластарының шабуылынан кейін қайта кейін оралулары қиын", - деп есептейді португалиялық тілшілер.