Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіне қатысушылар анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіне қатысушылар анықталды © uefa.com

УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіне қатысушылар белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Спорт-Экспресс" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіне қатысушылар белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Спорт-Экспресс" басылымына сілтеме жасап.

Соңғы қатысушы сейсенбіде Португалия мен Испания арасындағы ойында анықталды. Ойын 0:1 есебімен аяқталды. Португалиялықтар жеңіліс тапты. Жалғыз голды 88-минутта испаниялықтардың шабуылшысы Альваро Мората соқты.

Осылайша, Испания құрамасы өз тобында бірінші орын алып, Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіне өтті.

Бұған дейін "Төрттік финалға" Голландия, Италия және Хорватия құрамалары шыққан болатын.

Ұлттар лигасының финалдық кезеңін өткізетін ел іріктеуден өткен командалар арасынан таңдалады. Жартылай финалдық жұптар ашық жеребе арқылы анықталады.

Турнирдің жартылай финалдық ойындары 14 және 15 маусымда өтеді. Үшінші орын үшін матч пен финал 2023 жылдың 18 маусымында өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети