Футболдан əлем чемпионатының жартылай финалына Франция құрамасы бірінші болып жолдама алды, деп хабарлады Vesti.kz. Нижний Новгородта өткен ойында француздар 2:0 есебімен Уругвайды ұтты.
Футболдан əлем чемпионатының жартылай финалына Франция құрамасы бірінші болып жолдама алды, деп хабарлады Vesti.kz. Нижний Новгородта өткен ойында француздар 2:0 есебімен Уругвайды ұтты.
Ойындағы бірінші голды 40-минутта қорғаушы Рафаэль Варан соқты. Ол Антуан Гризманның асырған добын баспен қақпаға тура бағыттап, есеп ашты.
Екінші голды 61-минутта Антуан Гризманн өз еншісіне жазды. Оның алыстан тепкен добын Муслера сəтсіз қайтарып, қақпасына допты өткізіп алды.
Жартылай финалда Франция құрамасы Бразилия - Бельгия құрамалары арасындағы ойында жеңгенімен кездеседі.