19 қараша 2014 22:36

Виктор Кумыков "Шахтер" ФК бас бапкері қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктор Кумыков. ©vesti.kz Виктор Кумыков. ©vesti.kz

Қарағандылық "Шахтер" футбол клубының бас бапкері Виктор Кумыков қызметінен кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қарағандылық "Шахтер" футбол клубының бас бапкері Виктор Кумыков қызметінен кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Виктор Кумыковтың айтуынша, бапкердің Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековпен кездесуінде осындай шешім қабылданды. "Клуб жетекшілерімен келісімшартты созбау жөнінде уағдаластық, өйткені оған қажеттілік жоқ. "Шахтердің" келесі жылға арналған қандай да бір жоспары жоқ, атқарылған жұмыс үшін алғыс айттық, бары осы. Әкіммен кездесу жаңа ғана болды. Бәрін түпкілікті бекітіп, тарастық", - деді Виктор Кумыков.

Бапкердің келісімшарт уақыты 15 желтоқсанда аяқталады. "Өте өкінішті, әрине. Қанша дегенмен "Шахтерға" көп күш салынды, айтарлықтай көп жетістікке жеттік. Команданың биыл салыстырмалы түрде сәтсіз ойнауының объективті себептері болды. Мен ары қарай жұмыс істеуден бас тартпаған едім, жағдай солай болды... Қысқасы, біз бір-бірімізге (әкіммен кездесуде) түсіністікпен қарадық. "Шахтермен" жұмыс істеуге мүмкіндік болмайтыны өкінішті, бірақ бапкерлік өмір сондай, өзгерістерге дайын болу керек", - деді Виктор Кумыков. "Шахтердің" бас бапкерімен болған сұхбатты мына жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, Виктор Кумыков "Шахтер" клубына 2011 жылы бас бапкер болып келген еді, ол алғашқы маусымда-ақ команданы чемпиондыққа жеткізді. Келесі жылы клуб өзінің мәртебесін қорғай білді. 2013 жылы "Шахтер" еурокубоктардың топтық кезеңіне өткен тұңғыш қазақстандық клуб атанды. Сол маусымда "кеншілер" Суперкубок пен Қазақстан Кубогын жеңіп алды. Ал 2014 жылы команда қаржы мәселелеріне тап болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети