Қарағандылық "Шахтер" клубының бұрынғы қорғаушысы, португалиялық Яго Фернандес футболдан Қазақстан біріншілігін сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қарағандылық "Шахтер" клубының бұрынғы қорғаушысы, португалиялық Яго Фернандес футболдан Қазақстан біріншілігін сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қазақстан футболында жалақы жағы ғана көңілден шығады. Ал спорттық тұрғыда ол жақта бәрі де нашар. Қазақстан біріншілігі әуесқойлар үшін емес, бірақ ешқандай инфрақұрылым жоқ, ол жақта өмір сүрудің өзі қиын. Мен Қазақстанда өткізген уақытымды өкінішпен еске алып, португалиялық футболшыларға ол жаққа бармауға кеңес беремін. Әрине, егер ақша тапқысы келмесе", - дейді Фернандес.
26 жастағы Фернандес "Шахтердің" сапына жылдың басында қосылған еді. Ел біріншілігінде португалиялық қорғаушы тоғыз кездесу өткізіп, бір гол соққан. Жазғы маусымаралық үзілісте қарағандылық клуб ойыншымен келісімшартты үзіп тастады.
2 тамыз күні Фернандес португалияның "Ориентал де Лисбоа" клубымен келісімшартқа қол қойды. Бұл клуб алдағы маусымнан бастап Португалияның екінші дивизионында ойнайды.
Айта кетейік, бұл Қазақстан біріншілігін сынап отырған бірінші легионер емес. Бұған дейін 2013 жылы "Ақтөбе" сапында ойнаған ресейлік шабуылшы Сергей Давыдов ел біріншілігін сынып, теріс пікір айтып кеткен еді.