Швейцар Йозеф Блаттер бесінші мерзімге қайта сайланғаннан кейін төрт күн өткенде Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) президенті қызметінен кеткендігі жайлы мәлімдеді, - деп хабарлайды "Р-Спорт" агенттігі.

Бұл туралы Блаттер бүгін, 2 маусымда өткен шұғыл баспасөз мәслихатында жариялады.
"Мен ФИФА-ны бағалаймын және футбол мен ұйым үшін жақсы іс жасауға тырысамын. Сайлауға түсу керек деп шештім. Сайлау аяқталды, ал мәселелер қалып қойды. ФИФА-ға қайтақұрылымдау қажет, ФИФА делегаттары маған мандат берді. Бірақ ол ФИФА-ның өзге мүшелерінің есебінен қолдауға ие, клубтардың. Сондықтан менің ізбасарымды таңдау үшін арнайы конгрессті мүмкіндігінше тез жинауды сұраймын", - деді Блаттер.
Блаттер өз қызметін ұйымның төтенше конгрессіне дейін атқарады. Агенттіктің мәліметінше, ФИФА-ның жаңа басшысы таңдалатын кезектен тыс конгрессі 2015 жылдың желтоқсаны мен 2016 жылдың наурыз айына дейінгі мерзімде өтеді.
Еске салайық, Йозеф Блаттер 1998 жылдан бері ФИФА басшысы болып келеді, ал 29 мамырда ол бесінші мерзімге қайта сайланған болатын.