Жаралы Неймарды мазақ еткен медбике жұмыстан қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаралы Неймарды мазақ еткен медбике жұмыстан қуылды Неймардың жараланған сәті. ©РИА Новости

Жарақат алған Неймарды дәрігерлердің зембілмен әкетіп бара жатқанын бейнежазбаға түсіріп, ғаламторға жариялаған медбике жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды РИА Новости EL DIARIO NOTICIAS порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жарақат алған Неймарды дәрігерлердің зембілмен әкетіп бара жатқанын бейнежазбаға түсіріп, ғаламторға жариялаған медбике жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды РИА Новости EL DIARIO NOTICIAS порталына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің футболшыны дәліз бойымен кабинетке әкетіп бара жатқан сәтін медбике ұялы телефонға түсірген. Зембіл сүйреген топ ұзап кеткен кезде ол камераны өзіне бағыттап, "виктория" деген жест көрсетеді де, көрермендерге қашықтан сүю сәлемін арнайды. Бейнежазба Интернетте көпшіліктің наразылығын туғызды. 

Жергілікті басылымның хабарлауынша, Бразилия құрамасының жараланған ойыншысын ұялы телефонға түсіргені үшін медбике жұмыстан шығарылды. 

Еске салайық, ширек финал кезеңіндегі Бразилия - Колумбия арасындағы ойында Неймардың беліне колумбиялық футболшы аяғымен соғылған еді. Шабуылшы бірден Форталеза ауруханаларының біріне жатқызылды. Кейін оның белінің үшінші омыртқасының сынғаны хабарланды. Неймар чемпионаттың келесі кезеңдеріне қатыса алмайтын болды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети