"Зенит" шабуылшысы Александр Кокорин жақын арада "Сочи" сапына қосылады, - деп хабарлайды "Чемпионат".
"Зенит" шабуылшысы Александр Кокорин жақын арада "Сочи" сапына қосылады, - деп хабарлайды "Чемпионат".
28 жастағы футболшы маусым аяғына дейін жалға беру құқығымен кетеді.
2018 жылы қазанда Кокорин ағасы Кирил, жартылай қорғаушы Павел Мамаев және досы Александр Протасовицкиймен Мәскеу орталығындағы екі төбелес үшін тергеу абақтысына түскен. Былтыр қыркүйекте футболшылар бостандыққа шықты, алайда, "Зенит" өз сұрмергенін маусымда ойнайтын футболшылар тізіміне қоспады. Сондықтан Александр биыл бірде-бір ойынға қатыспайды.
Кокорин "Зенит" сапында 2016 жылдан ойнап келеді. Мұның алдында ол мәскеулік "Динамо" мен махачкаланың "Анжи" клубының намысын қорғап келді.