Жириновский Ресей құрамасының бас бапкерін тонаушыға теңеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жириновский Ресей құрамасының бас бапкерін тонаушыға теңеді Владимир Жириновский. Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынған

ЛДПР партиясының жетекшісі Владимир Жириновский Ресей футбол құрамасының бас бапкері Фабио Капеллоны тонаушы деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЛДПР партиясының жетекшісі Владимир Жириновский Ресей футбол құрамасының бас бапкері Фабио Капеллоны тонаушы деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

"Оның жасаған жұмысын тексеріп, өз еркімен қызметінен кетуді талап ету керек. Бірақ ол - ашкөз, өтініш жазбайтын шығар. Әрине, тегіннен-тегін жеті миллион алған жақсы, команда жеңілді, бірақ бұл оның айлық жалақысына әсер етпейді. Қарақшылар!" - деп мәлімдеді Жириновский.

Жириновскийдің сөзіне қарағанда, Ресей футбол одағының басшыларын шетінен қызметтен қуу керек. Өйткені Капеллоны құрамаға бас бапкер етіп тағайындаған - солар. Сондай-ақ, Жириновский Ресей құрамасының бас бапкері отандық маман болуы тиіс екенін айтады.

Естеріңізге сала кетсек, Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Бельгия құрамасынан ұтылып, Корея және Алжир командаларымен болған ойында тең нәтиже көрсеткен ресейліктер теңбілдоп додасының плей-офф кезеңіне өте алмаған болатын. Айта кетерлігі, Фабио Капелло Ресей құрамасымен 2018 жылы өтетін әлем чемпионатына дейін келісімшарт жасасқан.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети