Бұл бір қабатты жатақхана астананың оңтүстік-шығысында орналасқан. Жергілікті тұрғындар пәтерді айына 30 мың теңгеге жалдайды.
Бөлмеде су құбыры мен жылу жүйесі бар. Тұрғындар қалған жағдайларын сыртта жасайды.
Бір бөлмеде тұрғындар ұйықтайды, тамақ ішеді, басқа да істермен айналысады.
Бұл әйел отбасымен бірге мұнда бір жылдан бері тұрып жатыр.
Тұрғындар мұндағы жағдайға шағымданбайды.
Бірақ кейде уақытша тұрғын үйлерінің тозығы жеткеніне алаңдайды.
Көрші екі бөлмелерге кіреберіс есіктер.
Дегенмен бұл пәтерді ешкім де уақытша деп санамайды.
Бұл ер адамнын есімі - Ерболат Омаров. Ол өз отбасымен мұнда он жылдан бері тұрып жатыр.
Осы уақыт бойы ол бар қолда бар заттарымен кішігірім пәтерін реттеп алған.
Үйде басқа пәтерлерді де жылытатын пеш бар.
"Жазда 30 мың төлеймін, ал қыста көрші үйлерге де от жағамын, сондықтан 10 мың төлеймін", - дейді Ерболат.
Сонымен қатар, аулада Ерболаттың өзі қазған дәретхана бар.
Ортақ дәретхананың түрі осындай.
Астана аудандарында осындай хабарландыруларды кез келген жерден кездестіруге болады.
Бұл жатақханалардың бәсекелестері өте көп. Сондықтан олардың иелері мүмкіндігінше клиенттерді өздеріне тартуға тырысады.
Ұсыныстың көптігінен көзін талып кетеді.
Бізді "супербөлмелер" қызықтырды. Бөлменің ішін түсіруге пәтер иесі рұқсат бермеді. Бірақ жергілікті тұрғындардың пәтерге 60 мың теңге төлейтіні белгілі. Соншалықты арзан да емес. Бөлменің "супер" деген атауы бөлмеде жиһаздың, бөлек дәретхананың, жуынатын бөлме мен ас үйдің бөлек болатынын білдіреді.
Ал Промышленный ауылындағы осы үйдің иесі біз үшін өзі қожалық ететін бөлмелеріне саяхат ұйымдастырды.
Жалға беретін бөлмелері көп емес, жаңа тұрғындарға жалға беру үшін бөлмелерге жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қайрат Ибрагимов қазір жалға беріп отырған бөлмелерінің бірінде өзі де бір кездері тұрғанын айтты.
Уақыт өте келе ол өз үйін соғып алып, уақытша сарайларын пәтер жалдаушыларға бере бастаған.
Мысалы мынадай екі бөлмесі бар пәтерді ол 40 мың теңгеге және жарық үшін 5 мың теңгеге жалға береді.
Оның үйінің ауласында тағы бір отбасы тұратын кішкентай вагон бар.
Қазір ол бөлмені жалға беру үшін өзінің үйінің үшінші қабатында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұл бөлмелерді ол 35 мың теңгеге, ал кішірек бөлмелерін айына 20-25 мың теңгеге жалға бергісі келеді.
Астананың оңтүстік-шығыс бөлігіне саяхатымыз тығырыққа тірелумен аяқталды.
Осы үйден кейін қоқыс тастайтын орындар басталады.
Астананың орталығына қайтып келеміз. Мұнда да таныс тақталарды жиі кездестіруге болады.
Жергілікті жер үйлердің дуалдары бөлмелер мен уақытша пәтерлерді жалға беру сияқты хабарландыруларға толы.
Осы үйлердің дуалдарына қарап, мейрам біткен соң қаладағы безендірулер қайда кетеді деген сұрақтар келеді.
Бөлмені жалға беру туралы жергілікті хабарландырудан кейінгі орында моншаның жарнамасы тұр.
"Дөңес көпір" деп аталатын бұл аудан жаңа астананың заманауи ғимараттарына жақын жерде орналасқан.
Мұндай бөлмені жалдау қымбат емес. Бірақ бөлмеде еш жағдай жасалмаған.
Мысалы, екінші қабатта тұратын пәтер жалдаушы айына 35 мың теңге төлейді.
Жатақхана металл сынықтарын қабылдайтын жерге көршілес орналасқан.
Бөлмені өз қалауыңша реттеп алуға болады.
Елордадағы аудандарға қарап, күрсініп аламыз.
Мұнда да қымбат емес бөлмелердің хабарландыруларын жиі көруге болады. Жарнамада "тек отбасылы адамдар үшін" деген жазулары да бар.
Бұл суретті біздің фотограф "Астанадағы бақытты әрі қамсыз балалық шақ" деп атады.
Тараз көшесі
Жергілікті жатақхана
Көрсетілгендей, барлық жағдай жасалған.
Бұл үй тек қасапхана емес, бірнеше кішкентай бөлмесі бар жатақхана.
Мұндай пәтерлердің бағасы - 20 мың теңге.
Түсірілім барысында кіреберіс жерде Виктор Цойдың даусы естіліп тұрды.
Аты аңызға айналған кеңес дәуірі тобының әндерін осы бөлме тұрғындары тыңдаған екен.
"20 – бұл жақсы баға, 25, 50, 55 мыңнан, 100 мыңға дейін жететін бөлмелер бар. Осында тұрып жатқанымызға үш жыл болды", - дейді әйел.
Бұл жердің кіреберістерінде адасып қету оңай.
Кездейсоқ келетін адамдар үшін бұл нағыз лабиринт.
"Ұйықтайын деп жатқан адамдарға , - қайырлы түн...", - Цойдың өлеңінен үзінді бізді жатақханадан шығарып салды. Міне, өзгеше Астана осындай.