26 маусым 2019 | 10:26

Жарылыстар болған Арыс қаласынан фоторепортаж

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ернар Алмабек © Ернар Алмабек


Иконка комментария блок соц сети

Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыстардан кейін бір тәуліктен астам уақыт өтті. 45 мың қала тұрғыны толығымен эвакуацияланды, көптеген үй қирады, жарылыс қаупі әлі де бар. Қазір қалада тек шұғыл әрекет ету қызметтері бар. Десе де кей адамдар билік өкілдерінің өтінішіне қарамастан, қалаға кіріп кетіп жатыр екен. Қазіргі таңда қаланың бет-бейнесі қандай екені, барша қазақстандықтардың назары қайда ауғаны және жергілікті тұрғындардың қауіп-қатерге қарамастан неге қалаға оралып жатқаны Tengrinews.kz тілшісінің репортажында. 

Бұл суреттерде әскери бөлім мен қоймалар орналасқан қаланың бөлігіне бөгде адамдарды өткізбеуді қадағалап жүрген әскери қызметкерлер. 

Жарылыс болған жерлерде әлі де түтін шығып жатыр. Қорғаныс министрлігі өкілдері қоймаларда әлі жарылмаған оқ-дәрілер болуы мүмкін дейді.

Қала көшелерінде снарядтар жатуы мүмкін. Мысалы, бүгін бір ғана көшеде 10 снаряд табылды.

Сондықтан саперлер бірінен кейін бірі жарылыс эпицентріне жақын учаскелерді аралап жүр. 

Негізгі көшелерде патруль қызметкерлері бар. Олар жергілікті тұрғындардың үйін тонаушылардан қорғайды.

Тіпті мұндай жағдайда бөтен адамның мүлкіне қызыққандар табылды. Әзірге дүкен мен тұрғын үйді тонамақшы болған үш адам қолға түсті.

Ішке кіріп кету қиын емес, себебі әрбір екінші үйдің терезелері сынған.

Өртсөндірушілер бұл үйді жарылыстан сақтап қалды. Бірақ оның көп бөлігі қираған.

Бұл үйде тұратын адам жарылыстар басталғанда шай ішіп отырған сияқты, ал кейін басқа тұрғындармен бірге қашқан. 

Бірақ келесі күні кей тұрғындар қалаға оралып, бақылау-өткізу пунктінен өтпек болды. 

"Бақылау-өткізу пунктін күшейтіп жатырмыз. Жергілікті тұрғындар сонда да жотадан өтіп, үйлеріне барғысы келеді", - дейді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев. 

Мына ер адамның Арыста азық-түлік дүкені бар. Жарылыс толқынынан оның да терезелері сынған. 

Бірақ ер адам Арысқа дүкен мен заттары үшін келмегенін айтады. 

"Жарылыс кезінде қала сыртында болдым, Арысқа енді бара жатқанмын. Жолдан отбасымды көрдім, қаладан қашып бара жатыр екен. Барлық дерлік туысымды таптым, бірақ кіші немерем еш жерде болмады. Міне сол үшін қалаға оралдым, іздедім", - дейді сұхбаттасушымыз. Ер адам екі сағат немересін іздеп, қаланы шарлаған. Бірақ таппапты. Абырой болғанда, бала қауіпсіз жерге көшіргені мәлім болды. 

Қазір эвакуацияланған адамдар Шымкентте.

Адамдардың жартысы мешітте түнеді. 

Зардап шеккендерге көмек әр жерден келіп жатыр. 

Таңертең эвакуация орындарында адам азайды. Кей адамдар далада ұйықтаған, себебі іште қапырық. Көбі туыстарының үйіне кеткен. 

© Суреттер: Ернар Алмабек

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети