Әуеден түсірілген алғашқы суреттер: Жарылыс орындары ойылып қалған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бір қарағанда, алдымызда жай ғана картина тұрған сияқты, әдеттегідей үйлер, жолдар көрінеді...

Бірақ дұрыстап қарасаң, көп ғимараттар зақымданғанын байқайсың. 

4 маусымда оқ-дәрілері бар қойма жарылған Арыстың қазіргі көрінісі осындай. Қорғаныс министрлігінің борты Арыс үстімен ұшып өтті. Tengrinews.kz порталының фототілшісі Тұрар Қазанғапов биіктіктен бірнеше эксклюзив кадр жасай алды. 

Жарылыстар таңертең ерте болды. Снаряд қалдықтары жақын маңдағы үйлерге түсті. Жарылыс толқыны көп тұрғын үйлердің терезелерін шағып, есіктері мен шатырын толығымен қиратып тастады. 

Арыстың орталығында да қираған ғимараттар көп. Суретте - базар мен сауда кешендері орналасқан қаланың бір бөлігі.

Соңғы мәліметтер бойынша, Арыс қаласында 7 709 тұрғын үйді қалпына келтіру қажет.

Қаланы толық қалпына келтіру үшін 34,6 миллиард теңге қажет.

Бірақ жойқын жарылыс толқыны мен оқ-дәрілер жазық далаға беттемегенде, құрбандар мен қираған ғимараттар саны көбірек болуы мүмкін еді. Суреттегі қара болып тұрған учаскелер - снарядтар құлаған жерлер.

Міне, жарылыс болған қоймалардың суреті. 

Оқ-дәрілер сақталған қоймалардан ештеңе қалмаған. 

Кей жерлерде үлкен ойық пайда болған. 

Бұл суреттен тұрғын үйлер қоймаларға жақын екенін көруге болады. Бұған дейін сарапшылар Арыс қаласында құрылыс нормалары сақталмағанын және елді мекен қазір тыйым салынған аудан аумағында әскери бөлімнен үш шақырым жерде салынғанын мәлімдеген.

Ал қазір саперлер мына жерге қала көшелерінен тапқан жарылмаған снарядтарды жинап жатыр. 

Қазіргі уақытта оқ-дәрі фрагменттерін жою жұмыстары басталды.

Снаряд қадықтары далада шашылған.

Әскери қызметкерлер әлі де елді мекенді тазартып жатыр. 

Жарылған снарядтарды бір жерге жинап жатыр. 

Тасуға келмейтін бөліктер арсенал алаңында жойылады. 

Қалған фрагменттер Арыс қаласының солтүстігіне қарай 60 шақырым жерге шығарылып, арнайы жабдықталған полигонда жойылады.

Еске салсақ, қойма аймағында зымыран-артиллериялық қару-жарақтың оқ-дәрілері, инженерлік оқ-дәрілер сақталған.

Сонымен қатар, атыс қаруының патрондары, қол гранаттары, танкіге қарсы басқарылатын зымырандар, зенитті басқарылатын зымырандар, түрлі калибрлі стратегиялық жүйелерге арналған снарядтар бар. 

Жарылмаған снарядтарды көлікке салып, полигонға апарады.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев аумақты аралап, саперлердің жұмысын тексеріп, әскери бөлімнің әкімшілік бөлігіне барды.

Онда әскери бөлім штабы, казарма, оқу сыныптары орналасқан. Мұнда зертхана орналасқан.

Әкімшілік бөлімде өрт депосы да болды.

Әскери қызметкерлердің демалатын жері осындай. 

Қорғаныс министрлігінің басшысы әскери бөлімдегі барлық техниканы тексерді.

Техникалардың көбі жарылыстан зардап шекпеген. 

Бұл әскерилер мен олардың отбасы тұрған жатақхана. Осы ғимараттар жарылыс кезінде қатты зардап шекті.

Қоймадағы өртті сөндіру мүмкін еместігі түсінікті болған соң, әскери қызметкерлерге жеке құрам мен олардың отбасы мүшелерін эвакуациялау үшін команда жіберілді. 40 минут ішінде адамдар аумақтан қашып үлгері. 

Төтенше жағдай салдарынан үш адам қаза тапты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.13  course up  593.24  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro