27 мамыр 2019 | 17:08

Ақорда маңындағы бикини. Нұр-Сұлтанның сол жағалауында тамаша оқиға болды

ПОДЕЛИТЬСЯ


Иконка комментария блок соц сети

Бұл шын мәнінде Қазақстан астанасының сол жағалауында, әкімшілік орталықтың жүрегінде, Президент резиденциясы - Ақорданың маңында болды (және Елбасы - Назарбаев орталығының кеңсесіне жақын жерде). Біз "Қазақстан" концерт залының ішіндегі бөлмеге кірдік. Мұнда қанша денелі, сымбатты адам жүргенін санау мүмкін емес. Қыздардың жылтыраған бикиниі көздің жауын алады. Барлығының денесі қоңыр түстес, кейде қола түске ұқсайды. Бодибилдинг пен фитнес турнирінің сахна сыртындағы көрінісі осындай. Айна алдында сәулетші, заңгер, мемлекеттік компания қызметкерлері тұр. Олар зиянды тағамдардан қалай бастартқанын және спортзалды қалайша сүйіп қалғанын әңгімелеп тұр. Tengrinews.kz ақпарат порталының бір тілшісі олардың әңгімесін тыңдап тұрғанда, екіншісі суретке түсіріп жүрді. Одан не шықты десеңіз, міне. 

"Басында ғана өзіңді тәртіпке келтірген қиын", - дейді заңгер Айнұр. Оның фитнеспен айналысып жүргеніне бір жыл да толмаған. Ол спорттан нәтиже көріп, ұнатып қалған екен. 

"Біріншіден, бұл өмір сапасын арттырады, денең бірқалыпқа келеді, ағза жақсы жұмыс істей бастайды, нәтижесінде көп жұмыс істеп үлгересің, өзіңді сергек сезінесің. Тағы бір жақсы тұсы - айнадан сымбатты бейне көресің, ол сенімділікті арттырады", - деп әңгімелеп тұр қыз. 

Айнұр өзіңді тәртіпке келтіру үшін ең алдымен тамақ талдай білу керектігін айтады. 

"Көбіне тамақтану режимін қадағаламау кедергі болады. Ойлап көріңізші, миымыз тек джанк-фуд, фастфудтарды біледі, оларды жеу үйреншікті жағдайға айналған. Бірақ біз миымызға ағзаны пайдалы тағамдармен нәрлендіруге болатынын көрсете аламыз және тәніміз оны сезгенде, таңдау әрине пайдалы жаққа түседі. Бұл процесс қиындықсыз, бірсарынды өту керек және оны шындық ретінде қабылдау қажет. 

"Ол бұрында ғой, қазақтар мерекелерде негізінен ет жеген, ал бүгінгі таңда сапалы тағам болғаны жеткілікті. Қазір мен тамаққа жанармай бекетіндегі сапалы отын сияқты қараймын. Яғни, эмоционалды жетіспей тұрған нәрсені тамақтан іздемеймін, қомағайланып кез келген тағамды жарылардай болғанша жемеймін. Осылайша өзімді әрдайым жеңіл сеземін, бұл өмірді жақсартады. Ал мақсат қойсаң, мұндай өмір салты бірте-берте ұнай бастайды және барлығы қалағандай болады", - деп мойындады ол.

"Өз категориямды (фитнес-бикини) сұлулығы, кербездігі үшін жақсы көремін. Бойыңда үлкен ерік күші пайда болады. Жаттығу кезінде, рухани, физикалық күш аласың және жетістігіңді көре тұрып, өзіңді ынталандырасың. Жалпы, айналамдағылардың барлығы уәж береді, әдемі адамдар сондай көп, көз қуантады", - дейді павлодарлық Наталья.

Он банкте менеджер болып істейді. Мұның алдындағы кейіпкеріміз сияқты, Наталья да "фитнес-бикини" категориясында өнер көрсетеді. Айтуынша, мұнда ең бастысы бұлшықеттерді қатты үлкейтіп қоймау, әдемі дене қалыптастыру. 

"Негізінен мен сәулетшімін, ал бұл менің хоббиім", - дейді елордалық Жанар. 

"Менің ісімде ең бастысы  - тәртіп, оның арқасында көпке қол жеткізуге болады. Бұл спорттың арқасында адам төзімділігі артады. Тамаққа көзқарасың өзгереді, мысалы фастфудқа жиіркенішпен қарай бастайсың, пайдалы тағамға үйреніп кетесің. Жетістіктің 80 пайызы тамақтануға байланысты, ең бастысы дұрыс тағам тұтыну және оны спортпен сабақтастыру", - дейді ол

Тамақтануды бірден тәртіпке келтіру қиынға соғатын адамдар үшін ол бәрін бірте-бірте жасауға кеңес береді: "Алдымен тәттіні шектеу керек, ал одан әрі басқасын қысқарта бересің".

"Менің есімім Полина, 17 жаста, бүгін бірінші рет жасөспірімдер арасында өнер көрсетіп, алтыншы орынға ие болдым, менің ойымша, бұл тамаша нәтиже", - дейді павлодарлық оқушы.

"Бұл іс ұнайды, себебі әдемі көрінеді, маған ерлерге ұқсайтын әйелдер ешқашан ұнамаған, ал мен қатысатын категорияда нағыз әйелдерге тән сұлулық, әсемдікті көрсету керек, және менің ойымша, бұл оның артықшылығы, сонысымен ол маған ұнайды", - дейді қыз.

Сахна сыртында қыздармен бірге ерлер де өнер көрсетеуге дайындалып жүр. 

Ер адамдардың жүргені ешкімге кедергі келтіріп тұрған жоқ сияқты, әркім өзінің ісімен әлек. 

Мұнда әйел адамдармен қатар ерлердің де денесінің түсі қоңыр. Ол мұнда жасалатын арнайы грим. 

"Онда не айтып жатса да, бұл спорт", - дейді фитнес-бикини қатысушысы Зарина. Ол ұлттық компанияда менеджер болып жұмыс істейді.

"Өзің көрмейінше бұл спортты түсінбейсің. Бір көзге барлығы оңай болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл зор еңбек", - дейді ол. 

Қатысушылардың арасында фитнеске хобби емес, жұмыс ретінде қарайтындар бар. 

"Маған мұндағы атмосфера, жарысқа дайындық кезі ұнайды, себебі бұл тәртіп, режим, драйв. Осы жерден жанданып, басқа да табысқа жеткің келеді. Фитнес сауықтырады, сізді әдемі, жас етеді. Ең бастысы залға келу, жаттығу залы болғаны міндетті емес, жүзуге жазылса болады, спорттың кез келген түрі болсын. Ең бастысы - сауыға бастау және ойыңды ретке келтіру", - дейді Нұр-Сұлтандық фитнес жаттықтырушысы Надежда. Ол осындай жарыстарға жарты жыл бойы дайындалады екен. 

"Бұл әдемілік, эстетика, нәзіктік. Онымен айналыссаң, сахнаға шыққанда түрлі эмоция, шабыт аласың", - дейді павлодарлық тағы бір фитнес-жаттықтырушы және қатысушы Мелина. 

Қатысушы сахнаға шыққалы жатыр. 

Это и есть тот момент, ради которого все эти люди продолжительное время тренировались, ограничивали себя в еде и питье.

Бұл спортпен кәсіби айналыспайтындарғы кім жеңімпаз екенін анықтау әрине  қиын. 

Біз фотографпен бірге бағалау шарттарын қалай да түсіне алмадық. 

Мүмкін, оқырмандарымыздың қолынан келетін шығар? 

Фитнес-бикини - сайыстағы категориялардың бірі ғана. Бұл чемпионат бодибилдингпен айналысатындарды да жинаған. 

Қыздарға оралайық. Бағалау шарттарын түсіне алдыңыз ба? Иә, десеңіз пікір қалдырыңыз. 

Текст: Ренат Ташкинбаев
Фото: Тұрар Қазанғапов
Аударған: Камила Долаева 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сауд Арабиясына барды
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 523.81   550.47   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети