1. Басты
  2. Қара
Реклама
Реклама

Ақтөре Батырбек: Хейтерлердің де пайдасы бар #BIZBENPODCAST

ММА файтері Ақтөре Батырбек #BizbenPodcast жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ММА файтері Ақтөре Батырбек #BizbenPodcast жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спортшы танымал телешоуға қалай келгенін, Арман Әшімовпен жанжал неден басталғанын, хейтерлердің пайдасы туралы айтты. 

Оның пікірінше, ел сені жамандап жатса да, танымал болуыңа септігін тигізеді. 

"Хейтерлердің де пайдасы бар, олар сені көтереді. Оларға қанша жерден жауап берсең де, түсінбейді. Сені қолдайтындар да болады, қолдамайтындар да болды. Соның ішінен шығуың керек. Мен алғаш жеңгенімде "қарсыласы әлсіз", "байқаусызда жеңіп кетті" деді. Кейін екінші, үшінші жекпе-жегімді жеңдім. Сол кезде "жарайсың" дегендер көбейді", - деді Ақтөре Батырбек. 

Еске салайық, бұған дейін BizbenPodcast жобасының қонақтары журналист Жұлдыз Әбділда, фактчекер Думан Смақов пен тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова, тіл маманы Назгүл Қожабек, файтер Арман Әшімов, спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен, әзілкештер Еркебұлан Мырзабек пен Нұрмахан Мұқанұлы болған еді.

Реклама
Реклама