1. Басты
  2. Қара

Қауіпті тақырыптар, қазақша Youtube және stand-up-тағы табыс. Нұрмахан Мұқанұлымен подкаст

Подкастер, стендапер, КВН-ші, комик Нұрмахан Мұқанұлы Tengrinews.kz сайтындағы #BizbenPodcast жобасына қонақ болды. Әзілкеш қазіргі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Подкастер, стендапер, КВН-ші, комик Нұрмахан Мұқанұлы Tengrinews.kz сайтындағы #BizbenPodcast жобасына қонақ болды. Әзілкеш қазіргі қазақ әзілі, подкаст пен stand-up-тағы қауіпті тақырыптар туралы әңгіме қозғады.

Нұрмахан Мұқанұлы қазір ТМД елдерінде атақты "Прожарка" жанры қазақ тілінде бұрын болғанын еске салды.

"(...) Орыс тіліндегі медиа бізге еніп кеткен. Ертең соның қазақшасы шықса, түсінікті дей салады. Негізі "прожарка" форматындағы ютуб-нұсқаның біріншісін жасаған біз. WiFi-25 деп аталатын шоуымыз болды. Бұл студиялық нұсқасы. Бейнебаяндарға шолу жасап, сынайтынбыз. Сол уақытта ютубтан әзіл қарап, күлетін қазақ аудиториясы жоқ еді. Ол кезде тіпті орыс тіліндегі контенттер де жоқ еді", - дейді ол.

Сондай-ақ, подкаст қонағы қазақ тіліндегі видеоконтент неге көп қаралмайтынын түсіндірді.

"Орыстар өздері ойлап тапқаны КВН ғана. Қазақтарда бары - айтыс. Болды. Қалған форматтар бізге дейін болған, телевизия қаншама жыл пайда болды. Ал сол телевизия бәрінен бұрын бізде пайда болып, біз "шіріп" жүрсек, түсінуге болар еді. Онда бізді өзгенің форматын көшірді деп айыптауға болар еді", - дейді спикер.

Бағдарлама қонағы қазақ тіліндегі подкаст, stand-up жанрларының дамуы туралы мәселе қозғады. Шығарылымды видеодан тамашалауға болады:

Еске салайық, бұған дейін BizbenPodcast жобасының қонақтары журналист Жұлдыз Әбділда, фактчекер Думан Смақов пен тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова, тіл маманы Назгүл Қожабек, файтер Арман Әшімов, спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен мен әзілкеш Еркебұлан Мырзабек болған еді.





Join Telegram