07 қыркүйек 2015 | 09:32

Алматыда KitapFest өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Massaget.kz © Massaget.kz

Иконка комментария блок соц сети
Алматы қаласында өткізілген кітап фестивалі қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше қуаныш сыйлады. Кітаптар әлеміне саяхат жасайтын KitapFest қаламызда осымен екінші рет өткізіліп отыр. Оңтүстік астанамызда ұйымдастырылған мәдени іс-шараның биылғы тақырыбына ересектерден бөлек, жас бүлдіршіндердің де қызығушылығын оятатын балалар әдебиеті мұрындық болды. Жобаны ұйымдастырушылардың басты мақсаты - жастар мен балалар арасындағы кітап оқу дәстүрін жандандыру, әдебиет дәрежесін көтеру және қала халқын кітап оқуға үндеу. Фестивальден Massaget.kz басылымының фототілшісі репортаж ұсынады. Кітап және кітап мәдениеті - қоғамның рухани дамуының айнасы. Қазақ кітабы - қазақ тілінің саф алтындай сақталуына кепіл бола отырып, халықтың білім алуына, тілі мен әдебиетінің жетілуіне, республиканың қоғамдық және ғылыми өмірінің дамуына қосар үлесі зор. © Massaget.kz

Кітап және кітап мәдениеті - қоғамның рухани дамуының айнасы. Қазақ кітабы - қазақ тілінің саф алтындай сақталуына кепіл бола отырып, халықтың білім алуына, тілі мен әдебиетінің жетілуіне, республиканың қоғамдық және ғылыми өмірінің дамуына қосар үлесі зор. © Massaget.kz

Заманның техникалық тұрғыдан қарқынды дамуы әсерінен әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Бұл сөзімізге күнделікті қолданысқа енген ғалам торабы, компьютер секілді құралдар айғақ болады.  Қазір неше түрлі смартфондар оқулықтардың орнын басты. Соған қарамастан, қаламызда кітап сүйер тұрғындар аз емес екеніне көзіміз жетті. © Massaget.kz

Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Вавилонда қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазуымен жазылды. Өркениеттің бесігі - Мысырда (Египетте) жазу материалы есебінде қамыс (папирус) өсімдігін пайдаланған. Папирусқа египеттіктер иероглифпен жазған, ал гректер мен римдіктер жеке дыбыстарды бейнелейтін әріп ойлап тапты. Ерте заман қолжазбасының тағы бір түрін  кодекс деп атайды. Бұл бүгінгі кітап пішініне ұқсас келеді. © Massaget.kz

Әлем елдерінің қай-қайсысының да рухани деңгейі, сауаттылығы, мәдениеті кітаппен тығыз байланысты екеніне ешкім шек келтірмейді. Америка Құрама Штаттарында халықтың тең жартысы мүлдем кітап оқымайды екен. Студенттердің 40 пайызы "Израиль – араб елдерінің бірі" деп ойласа, Франклин Рузвельт - АҚШ-тың Вьетнам соғысы кезіндегі президенті деп түсінеді екен. Ал сол студенттердің тең жартысы Черчилльдің кім екенін білмей шыққан... © Massaget.kz

Бүгінгі ұйымдастырылған шара кең көлемде өтіп жатыр. Әр мектептен көрмеге келген оқушылар арасында түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Фестивальге келген қонақтар бір сәтке болса да телефон, планшет секілді гаджеттерін ұмытып үлгерген секілді. © Massaget.kz

Қызыққа толы бағдарламалардан бөлек, фестиваль ұйымдастырыушылары қонақтарын жылы лебізбен және жайдары жүзімен қуантты. Демалыс саябағында жүрген әрбір оқырман жұмсақ жиһаздарда отырып сүйікті кітабын оқи алады, сонымен бірге шөлдеген кісіге кофе ұсынылды. © Massaget.kz

Кітап таңдап-талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған іліміңді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның  білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғышарттардың бірі. Қазіргі таңда осы асыл қазынамызбен достасушылар саны айтарлықтай көп болмай тұр. Кітап сүйер қауым таба алмай жүрген кітаптарымен осы көрмеде қауышып, шаттыққа бөленді. © Massaget.kz

Кештің ең кішкентай қонақтары үшін де түрлі ойындар мен қызықты шаралар ұйымдастырылған. Бұл шара тәй-тәй басқан сәбиден, егделенген қарияға дейінгі қонақтардың барлығының дерлік көңілін көншіткен тәрізді. © Massaget.kz

Ал көрмедегі қойылымдар Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналып, Ұлы ақынның ұлағатты ұрпағына қуаныш сыйлады. Сонымен бірге, Жеңістің жетпіс жылдығына арналған, батырлар ерлігін дәріптейтін қойылымдар болды. © Massaget.kz

Кітап фестивалі аясында "Бауыржан" қоры "Бүлдіршіндерге кітап сыйла" атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Лейкемия және онкосырқатты балаларға арналған кітаптар жинағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының кішкентай емделушілеріне табысталды. © Massaget.kz

Алматы қалалық кітап фестивалінің келушілерін қуантарлық тосынсыйлар, көптеген қызықты оқиғалар және де балаларға арналған сансыз әрі тегін ойын-сауықтар да ұйымдастырылып жатыр. Балалар акциясы, Мұрат Мұтырғановтан сайыстар, сабынды-көпіршікті шоу, ойындар, қуыршақ театырының қойылымдары, суда және құмда сурет салу сынды қызықтарға толы болды. © Massaget.kz

Біраз уақыт өткеннен кейін жауын басталды, кітапсүйер оқырмандарымыз жауған жаңбырды да елең қылмады. Кештің өз дәрежесінде өтуіне жауын кедергі бола алмады, керісінше  одан әрі қызық болуына септігін тигізді. © Massaget.kz

Саябақ сахнасында үлкен концерт ұйымдастырылып, қала тұрғындарына күнделікті күйбең тіршілікті ұмытып, бір сәтке серпіліс жасауға мүмкіндік берді. © Massaget.kz

Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Бұл жерде келген қонақтардың барлығы дерлік өздерінің оқыған және де өздеріне ерекше ұнаған кітаптарын жазуына болады. Бұл арқылы бұрын білмеген кітабымызды танып, өзгелердің ұсынған кітабымен табысуға жол ашылады. Кітап жарнамасы әр жерде осылай тегін жасалып тұрса игі еді. © Massaget.kz

Заман қанша қарыштап дамығанымен, ешқандай құрылғы кітап орнын баса алмайтыны хақ. Кітаптың қадіріне жетіп, бағасын білген қонақтар көрмеден тарихи көне кітаптарды алып кетуге асықты. Сіз де кітап оқығанды жақсы көресіз бе? © Massaget.kz

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сауд Арабиясына барды
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 523.81   550.47   5.01 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети