© Massaget
Алматы көшелерінен ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен көркемделген стрит-арт туындыларын жиі кездестіруге болады. Мұндай стрит-арттар түсініксіз мәндегі жазуларға қарағанда адам көзіне жылы ұшырайды. © Massaget
Қазақы ою-өрнектермен кескінделіп салынған суреттердің көбі 1-2 жыл бұрын салынған. © Massaget
Көбіне стрит-арт немесе граффитилердің "ғұмыры" ұзақ болмайды. Ол әрине көше туындысының көркемдігі мен мағынасына байланысты. Мәселен, мына суреттегі "Аэровокзал" қабырғасындағы стрит-арттың тұрғанына бірнеше жыл болған. © Massaget
Марқұм Батырхан Шүкеновке арналған сурет стрит-арт өнерінің үздік туындыларының бірі. Басты сурет пен бұл туынды Арбат маңындағы "Батыр қабырғасы" деп аталатын ғимаратқа салынған. © Massaget
Батырхан Шүкеновті танымал еткен әндердің бірі "Джулия" болатын. "Батыр қабырғасындағы" бейнеленген "Джулия" мен Батыр егіз ұғымға айналып кеткендей. © Massaget
Жағалаудан бұдан өзге де граффитилерді көптеп кездестіруге болады. Олардың ішінде түсініктілері де, түсініксіздері де бар. © Massaget
Кей көпір астына салынған суреттер алыстан "мен мұндалап" тұрады. © Massaget
Бір қарағанда көріксіздеу көрінетін стрит-арттың мән бере қарағанда көркі ашыла түседі. © Massaget
Жағалаудағы мына суретті түсіну қиындау. Мұны граффитидің озық үлгілерінің бірі деп есептеуге болады. © Massaget
Жағалаудағы "көңілді" стрит-арт смайликтер де жұртшылықтың назарын өзіне еріксіз аударады. © Massaget
Көпір астына жасырынған қасқыр. © Massaget
Жағалаулардан ғашықтық сезімді білдіретін түрлі граффити туындыларын кездестіруге болады. Ал мынау солардың бірі. © Massaget
Ағаш көлеңкесіндегі көркем туындылар. © Massaget
Жағалаудағы бұл суреттерге жүргіншілер жиі тоқтап, таңдай қағады. © Massaget
Оларға қараған "қыз" да таңырқап тұрғандай. © Massaget
ҚазҰУ маңындағы түсініксіз граффитилердің бірі. © Massaget
Ал мына граффити көше әрін кетіріп тұрғаны анық. (Суретті түсірген соң, бірнеше күннен кейін бұл суреттің орнында жоқ екенін байқадық). © Massaget
Көп қабатты үйлердің біріндегі граффити салатын бір топтың атауы. Ғажайып туынды деп айтуға келмейді. Жарнама үшін жасалған граффитилердің бірі. © Massaget
Шатыр астындағы көңілді күлегештер. © Massaget
Ал граффитилермен суретке түсу ерекше әсер сыйлап қана қоймай, суреттің сәтті шығуына да себеп болады. © Massaget
Құдды бір өсіп тұрған гүл секілді. Ал шын мәнінде сурет қана. © Massaget
Граффити салатын топтар жарнамамен де айналысады. "Gorilla" сусынын айшықтап тұрған көше туындысы. © Massaget
Байқасаңыздар, алдыңғы сурет пен осы суретте құлақ бейнеленген. Ғимараттардан да адам құлағының кескіндерін жиі кездестіруге болады. Басында бұл "құлақтар" қандай мағына береді деп қызыққанымыз рас. Кейіннен мұның да құпиясы ашылды. Бұл стрит-арт суретші Паша Кастың ойлап тапқан туындысы болып шықты. "Қабырғаның да құлағы бар" - деген мағынаны білдіреді екен. © Massaget
Осыдан бірнеше жыл бұрын Абай - Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы қария кескіні бейнелеген бұл граффити көздің жауын алатын. Ал қазір тозып жоғалудың аз алдында тұр. © Massaget
Асқан шеберлікпен салынған кескіндердің бірі. Абай мен Манас көшелері қиылысында орналасқан. © Massaget
Қала көшелеріндегі көп қабатты ғимараттардан мұндай суреттерді жиі кездестіруге болады. © Massaget
Стрит-арт пен граффитилер ең көп салынатын жерлер - көлік жүретін айналма көпірлердің маңайы. © Massaget
Суретті сазбен астастырған туынды. © Massaget
Көп қабатты ғимараттардың маңынан мұндай граффитилерді жиі кездестіруге болады. © Massaget
Қандай да бір ойды нақты көрсетпесе де, қанық суреттер көздің жауын алады. © Massaget
Ұлттық банк қоршауындағы граффитилер. © Massaget
Граффитиде суретшінің жеке «мені» көрініс табады. Оны өзгелерге түсіну қиындау. © Massaget
Көктөбеге шығар жолдың жиегіне де түрлі стрит-арт салынған. © Massaget
Бұл суреттер көне ескерткіштерден сыр шертетіндей. © Massaget
Бұл суреттер көне ескерткіштерден сыр шертетіндей. © Massaget
Олардың қатарынан домбыра мен қобызды, түрлі ою-өрнектерді көруге болады. © Massaget
Бұл стрит-артты кенептегі суреттен ажырату қиын. Бірақ арнайы спреймен емес, майлы бояумен салынғаны көрініп-ақ тұр. © Massaget
Ал мынау "мысықты" Көктөбенің қақ төрінен кездестірдік. © Massaget
"Әнші арыстанды" да осы маңнан кездестіре аласыз. © Massaget
Қала көшелеріндегі граффити суреттерінің бірі. Түсініксіз болса да, көшеге көрік қосқандай. © Massaget
Жандосов көшесіндегі суретті көлікте кетіп бара жатып көзіміз шалып қалды. Бір қарағанда ашық түсті суреттер назарыңды аударғанымен, көрік беріп тұрғаны шамалы. © Massaget
Қала көшелерінің бірінде жасырынып тұрған "қоңыз" тәріздес жәндік. © Massaget
Стрит-арт немесе граффити арқылы көңіл-күйді де айшықтауға болады. Мына суретті соның айқын бір дәлелі ретінде бағаладық. © Massaget
Ал мына сурет мүлде өзгеше. Суретшінің жеке "мені" көрініс тапқан. Жанайқай сезілетіндей. © Massaget
Алматыда футбол жанкүйерлері көп екені анық. Танымал "Реал" мен "Барселона", және "Қайраттың" танымбелгілері қатар салынған граффитиді де кездестірдік. © Massaget
Абай-Момышұлы көшелерінің қиылысындағы ойынхана алдына салынған стрит-арт. Жаяу жүргіншілердің назары бұл суретке бірден ауатыны сөзсіз. © Massaget
Биыл жөндеу жұмыстарынан өткен Сайран көлінің маңайы да граффити туындыларынан ада емес. Бұл маңнан көптеп кездестіруге болады. © Massaget
Көше ғимараттарының біріндегі ару кескіні. © Massaget