Соғыс көргендердің саны азайып келеді. Бірақ ерлігі мен батырлығын ұмытпау үшін олардың ұрпағы Алматы көшелерінде аталарының портреттерін алып, шеруге шықты. Фашистерді жеңген ата-бабаның ұрпағы бұл күні жаңбырдың астында көңіл толқытып, ардагерлерге құрмет көрсетті, бейбіт заманның қадірін тұтты, боздақтарды еске алды.