Көрермен мерекелік көңіл-күйді шынайы безендіру болатын Пирамидаға жақындаған кезден-ақ сезінді. Оның етегінде ат ерттеген шабандоздар оқиға өрбіп жатқан мысырлық сәулетті одан бетер аша түсті. Атақты сахналаушы және режиссер Франко Дзеффиреллидің тамаша безендіруі ұланғайыр бейнеинсталляциясын толықтыра түссе, көрініс соңы Радаместің салтанат құратын сәтінде мерекеге орай берілетін отшашумен аяқталды. © Тұрар Қазанғапов
Ұйымдастырушылардың айтуынша Пирамидаға декорациясы бар 20 контейнер әкелінді. © Тұрар Қазанғапов
Уақытша сахна құрып, көрермендер аймағын дайындап, Пирамиданы безендірумен көркемдеуге шамамен он күн кетті. Ал мұндай идея бір ай бұрын келді. "Мұның бәрі Астанада қар жатқан кезде басталды. Жоба "Астана Опера" командасының дайындығымен және Мәдениет министрлігі, әкімдіктің қолдауымен жүзеге асты. Біз нақты есеп жүргізі, бекорация қоюмен айналыстық, кейін көрермендер аймағының жобасы қолға алынды", - деді жобаның қоюшысы Виктор Караре. © Тұрар Қазанғапов
Спектакльде Радамес партиясын орындау үшін Болгариялық тенор Камен Чанев арнайы шақыртылды, басты рольде - тыңдарманның сүйіктісі - "Астана Опера" театрының жетекші солисі Жұпар Ғабдуллина. Спектакльге шамамен 300 адам: солистер, хор, балет, миманс әртістері қатысты. Дирижерлік тізгін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, маэстро Абзал Мұхитдиновта болды. . © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл қойылымда арнайы қойылған жарық көрермендерді ежелгі дәуірге апарады. "Биіктігі 60 метрлік Пирамидада видеожобалау қойылады. Бұл "Аидаға" ерекше әдемілік береді", - деді Виктор Караре. © Тұрар Қазанғапов
Ұйымдастырушылар ұсынған фото
Бейбітшілік және келісім сарайы қонақтарды қарсы алуға дайын. Кеше көптен күткен қойылым болды. "Қазақ Елі" монументі жас қонақтарды қарсы алуға дайындалып жатыр. 4-6 шілде аралығында бұл жерде отбасылық фестиваль өтеді. Күндіз осы алаңда жас таланттардың "Шаттық" музыкалық фестивалі өтеді. Бұл шара үшінші рет ұйымдастырылып отыр. © Тұрар Қазанғапов
Балалар фестивалінің концерттік бағдарламасы 30 имнутқа созылады. Фестивальде Қазақстанның әр жерінен келген және жақын шетелдерден келген дарынды балалар сынға түседі. Кейін "Балалар әлемінде" бүлдіршіндер қалаған нәрселерімен айналыса алады. Үш күн байы арнайы сабақтар өткізіледі. Шарада Астана, Перу мен Сербиядан келген қуыршақ театрларының қойылымын көруге болады. Сонымен қатар, балалар сиқыршыларының, "серіппе адамның", робот-трансформерлердің шоуын тамашалайды. © Тұрар Қазанғапов
Сахнадан басқа декорациялар дайын. Енді LED-экран орнатылады. Балалар бағдарламасы үш күн бойы сағат 11.00-19.00 аралығында өткізіледі. © Тұрар Қазанғапов
Кейін кешкі бағдарлама болады. Онда "Х-фактор" және "Қазақстан Дауысы" жобаларының жеңімпаздары өнер көрсетеді. Астана циркі әртістері мен иллюзионистер де болады. КВН Ұлттық Лига командасы қойылым қояды. Концерттің соңында қазақстандық эстрада жұлдыздары Айқын, Мәдина Сәдуақасова, Бауыржан Исаев, Алмас Кішкенбаев, "Кешью" тобы, Айгүл Иманбаева, Әли Оқапов, Маржан Арапбаева өнер көрсетеді. © Тұрар Қазанғапов
"Астана-Арена" стадионындағы сахна құрылып болды. Мұнда 3, 4, 6 шілде күндері заманауи музыка фестивалі өтеді. © Тұрар Қазанғапов
3 шілдеде мұнда Rock-Fest өтеді, сахнада отандық эстраданың рок-жұлдыздары мен Ресейден шақыртылған әншілер өнер көрсетеді. 4 шілдеде Hip-Hop жанрындағы әншілердің концерті болады. Соңғы күні диджейлердің фестивалі өтеді. © Тұрар Қазанғапов
Ұйымдастырушылардың бірі Александр Доштың айтуынша, монтаж жұмыстары бітті. Сахнаны көркемдеу жұмыстары да басталып кетті. Олар фестивальге күніне 30 мың адам келеді деп күтіп отыр. © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
Сауда және ойын сауық орталығының маңында "Астана маңындағы мыңжылдық" көшпенділер фестивалінің өтуі дәстүрге айналды. Ол 4-6 шілде аралығында сағат 11.00-23.00-де болады. © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
Биыл бұл фестиваль сегізінші рет өткелі отыр. Қала қонақтары мен тұрғындарына көшпелі заманды сезінуге мүмкіндік туды. © Тұрар Қазанғапов
" Біз 25 киіз үй тіктік. Олардың әрқайсысы өзінше ерекше. Мысалы онда аңшылар үйі болады. "Киіз қалашық" атты балалар үйі де бар. Бұл жерде балалар киізден жасалған ойыншықтармен ойнай алады. Сонымен қатар, біз Алматының Орталық мұражайын да әкелдік. Ол жерде 15, 16, 17-ғасырлардың кілемдері мен басқа да бұйысдары болады", - деді фестивальдің екінші режиссері Арайлым қалдыбаева. © Тұрар Қазанғапов
"Жел дауысы" инсталляциясы. © Тұрар Қазанғапов
Фестиваль режиссерінің айтуынша, бағдарламада сұңқарлар шоуы болады. Сонымен қатар, Ташкенттен келген даршылар, ағайынды Ташқынбаевтар өнер көрсетеді. © Тұрар Қазанғапов
Алматыдан келген "Номад" каскадердер тобы ат-спорттық шоу қояды. © Тұрар Қазанғапов
Фестиваль көшпенділердің өркениетіне лайықталған. Көшпенділердің тұрмысы көрсетіліп, түрік тілді елден келген мамандардың арнайы сабақтары өтеді. © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
Дайындық жұмыстары жүріп жатыр. © Тұрар Қазанғапов
Негізгі сахнада қазақтық ұлттық музыка концерті өтеді. Сағат 19.30-23.00 аралығында ақындар айтысы болады. © Тұрар Қазанғапов
"Тарих дауысы" композициясында салт өлеңдері айтылады. © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
Мереке күндері сулы-жасыл желекжол да болады. Желекжол бойында ASTANA ART FEST өтеді. Фестиваль тақырыбы – "Болашаққа арналған энергия". © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
"Елорда тұрғындары мен қонақтары түрлі қызықтардың куәсі бола алады. Оларға инсталляция, арт-нысандар, фото және видео-арттар, кіреді. Адамдарғв суретке түсу үшін жасалынған фотоаймақтар да бар. Көше театрлары қойылымдары, интерактивті шоулар да көрсетіледі. Сулы-жасыл желекжолда қазақстандық суретшілердің туындылары қойылып, архитектура мен дизайннан аранйы мастар-класстар көрсетіледі", - деді Сулы-жасыл жолжелкенннің әкімшісі максим Албот. © Тұрар Қазанғапов
"Бәйтерек" монументінің алдында концерт өтеді. Дегенмен онда гүл аркасынан басқа ештеңе қойылмаған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, онда уақытша сахна құрылады. Ол жерде джаз, рузани оркестр, мен сән көрсетілімі болады. © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жұмыстың 50 пайызы бітті. 2-3 шілдеде нысан толығымен аяқталады. © Тұрар Қазанғапов
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мастер-коасстар ұйымдастырылып, балаларға бояумен бояу үшін арнайы ақ қағаздар қойылады. Жолжелкенде қызыл киімдегі фриктер жүреді, арнайы қойылым ұойылады. © Тұрар Қазанғапов
Ұйымдастырушылардың айтуынша, инсталляцияны құру кезінде қолайсыз ауа райын да ескерген. "Әр инсталляцияны берік орнатуға тырысып жатырмыз. Әр инсталляцияны кемі 300 келі затпен бастырып жатырмыз. Бұл адамдар үшін қауіпсіз әрі олар бірдеңе құлап кетеді деп қауіптенбейді", - деді Максим Албот. © Тұрар Қазанғапов
Арт-фестиваль сағат 11-23 аралығында өтеді. © Тұрар Қазанғапов
"Жолжелкенде аттардың көрмесі болады. Әр жылқы әр ұлтқа тән. Олардың саны 130 болады. Олардың әрқайсысына әр ұлттың стиліндегі суреттер салынады. Олар жолжелкенде жаздың соңына дейін тұрады", - деді Максим Албот. © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
Фестивальге Қазақстан, России, Германия, Франция, Испания, Италия, АҚШ және Голландияның суретшілері қатысады. © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
Сулы-жасыл жолжелкеннің Министрлер үйіне апаратын алаңында 3D картиналар болады. Неміс суретшісі оны үш күннен бері салып жатыр. Ол асфальтта бейнеленуі керек, дегенмен плиталарды бүлдірмес үшін картиналар арнайы пленкаға салынып жатыр. © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
"Думан" ойын-сауық орталығында үш үлкен шар орнатылған. Олар "Арқайым" 3D қалашығына арналған. Мереке күндері кез келген адам әр сфераны тамашалай алады. Олар да таңнан кешке дейін жұмыс істейді. © Тұрар Қазанғапов
Қаладағы 3D ойын-сауықтың негізгі тақырыбы - этно-футуризм. Бағдарламаға үш голографиялық кубтан тұратын "AQUARIUM" голографиялық театры кешені кіреді. Заманауи технология музыканы жандандырып, көрнекі формаға келтіреді. Сфералардың бірінен "LIGHTING MOTION" неондық театры көрсетіледі. © Тұрар Қазанғапов
Сфералардың бірінен "Ақ Бауыр" обсерваториясының жобаланған шоуы көрсетіледі. Қонақтар галактикаға сапар шегіп, алыстағы жұлдыздарды "қолымен ұстай алады". "Имаджинариум" визуалды эффект лабиринті жаңа кеңістікке жол ашады. © Тұрар Қазанғапов
Жағалау дәстүр бойынша әр мереке сайын қонақтар күтеді. Биыл да бұл жерде бірнеше шара өтеді. 4-6 шілде күндері қонақтар мен тұрғындар "Дыбыс өзені" классикалық музыкасын тыңдай алады. © Тұрар Қазанғапов
4-6 шілдеде классикалық музыка кешінен кейін пиротехникалық мультимедиа шоуы болады. © Тұрар Қазанғапов
Ұйымдастырушылар көрермендерді ең ғажап қойылыммен таңғалдыруды көздеп отыр. © Тұрар Қазанғапов
Есіл жағасында орнатылған ауданы 1000 шаршы метр болатын сахнада симфониялық оркестрдің қатысуымен би және хореографиялық қойылым болады. Сахнаны жан-жағынан биіктігі 12 метр болатын екі фронт қоршайды. Сонымен қатар, биіктігі 100 метрлік тағы бір фронт болады. Арнайы экран жарық лазерлі технологиялардың көмегімен түсірілген видеомен су төсемін жасайды. Құрылғының монтаж жұмыстары 1 шілдеде бітті. © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
"Барлық қойылым эстрада-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен болады. Шоу 40 минутқа созылады, соңғы 10 минутта пиротехникалық шоу көрсетіледі. Қазір монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бір шақырым қашықтықтан күшті жарық құрылғылары, "Фалькондар" атты зенитті жарық приборлары қойылады. Ол жерде лазерлі құрылғылар мен соңғы шыққан пиротехникалық шоу болады. Мұндай Қазақстанда бұрын-соңды болған жоқ", - деді "Нұрлы Есіл" шоуының продюсері Мәлік Хасенов. © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
6 шілдеде осы жерде мерекелік отшашу болады. © Тұрар Қазанғапов
Мереке қалалық саябақта да өтеді. Әр саябақ өзінше көркемделетін болады. © Тұрар Қазанғапов
Сонымен қатар, үш күн бойы 11.00-ден 21.00-ге дейін Есіл жағалауында "Бiрлiк Есiлi" интерактивті фестивалі өтеді. Концепция бойынша, фестиваль қонақтары құрлықтар мен басқа елдерге жағалауда жүріп-ақ сапар шеге алады. Көпірден Қабанбай батыр даңғылына дейін 5 тематикалық зона болады. Олардың әрқайсысы түрлі мәдени бағдарламаларды қамтамасыз етеді. Мұндай мәдени зоналар қала қонақтарына ұнайтын болады. © Тұрар Қазанғапов
Қалалық әкімдік алдындағы алаңда да дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жерде кулинарлар фестивалі өтеді. Рухани оркестр мен кқше бишілері өнер көрсетеді. © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
Ашық алаңда өтетін шарада адамдарға орын көп, кіру тегін. Сондықтан да шаралардың көбі ашық аспан астында ұйымдастырылып жатыр. © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов