29 наурыз 2022 | 14:41

Батыр Қазыбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыр Қазыбаев Батыр Қазыбаев


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда белгілі журналист, Tengrinews.kz негізін қалаушы, Alash Media Group холдингінің басшысы Батыр Қазыбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.

Ғалымдар үйінде Батыр Қазыбаевты еске алу рәсімі өтті. Оған марқұмның туған-туыстары, достары, әріптестері және басқалары келді.

Батыр Қазыбаевтың анасына көңіл айту үшін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев келді. Ол Батыр Қазыбаевпен ұзақ жылдар дос болғанын айтты.

"Батырдың қайтыс болғанын естігенде қатты қайғырдым. Біздің досымыз, ағамыз осылай ерте кетеді деп ешкім күтпеді. Батыр бәріміз үшін өте қымбат еді. Журналистік қоғамдастықта ол жарқын тұлға болды. Біз, оның жақын достары, көп жыл бойы қуаныш пен қиын кезеңдерде бірге болдық. Батырдың сөздері мен қолдауы достары мен жақындарына, еліміздің түкпір-түкпіріне жететін. Ол әрқашан бізбен бірге болды: біз оны күнде көре бермесек те, қолдауына сенім арта алатынымызды білдік.

Батырдың достары қазіргі кезде жүрегі кең әрі таза адам сирек кездесетінін айтады. Ол толыққанды өмір сүретін, мүмкін, сондай жанып тұрған адамдар, өкінішке қарай, біздің өмірден тез кетеді.

Біз үшін ол үлкен құбылыс. Бізге, оның достарына, Батырдың кеткеніне сену өте қиын. Туған қалама оралғанда, мен Батырмен бұрынғыша отырып әңгімелесіп, жұмысым бойынша ақыл сұрауға уақыт болады деп үміттенген едім", - деді Ерболат Досаев.

Профессор, дәрігер ғалым Алмаз Шарман Батыр Қазыбаевтың Қазақстанның дамуы үшін, әсіресе медиасферада көп еңбек еткенін айтты.

"Ол ерекше із қалдырды. Сіз мұның бәрін жақсы білесіз. Бүгін мұнда Батырдың туыстары мен ағалары, сондай-ақ елімізге танымал тұлғалар мен зиялы қауым жиналды. Бұл күндері көңіл айту жеделхаттары келіп түсті", - деп Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың хатын оқып берді Алмаз Шарман.

Президент Тоқаев Батыр Қазыбаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров отандық медиасфера үлкен адамнан айырылғанын айтты.

"Батыр Қазыбаев отандық журналистика тарихында ерекше із қалдырған мықты медиаменеджер болды. Шынымды айтсам, қазір сөз тауып айту өте қиын. Батыр кез келген кездесуімізде идеяларға толы келетін: медиасфераны қалай дамытып, жақсартамыз, қайда жылжимыз, ол үшін қандай технологиялар қажет екенін айтатын.

Мысалы, бір ғана Tengrinews жобасын алайық. Бұл еліміздегі үздік ақпараттық портал, ол шетелде де танымал. Басқа да мықты медиа жобалар бар.

Біз әріптесімізден, досымыз және тұлғадан айырылдық. Бірақ ол және оның жарқын бейнесі жадымызда, жүрегімізде мәңгі қалады", - деді Омаров.

Бәйтерегім құлады биігінен

Tan Media Group директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов Батыр Қазыбаев оған әрдайым өзінің білімін, қуанышын бөлісетінін айтты.

"Батырмен бала кезімнен доспын, бір-бірімізді ҚазМУ-ден білеміз. Онымен танысқалы доспын. Батыр - компания жаны. Әрқашан назарда жүреді, әңгімелері де, идеялары да көп. Оны өте сағынатын болмын. Себебі Батырмен сөйлескенде идеяларымен, ойларымен қанығасың. Ол нағыз көшбасшы, жаңашыл. Ол ұсынған барлық нәрсені жүзеге асыруға тырысып келді, білімін ешқашан өзінде сақтамады. Ол өзінің барлық білімін, қуанышын бөлісетін.

Ол тамаша менеджер, медиа ұйымдастырушы ретінде бүгінде еліміздегі ең ықпалды медиа ұйым болып отырған ірі медианы құрды. Ол бәрімізден көп өмір сүретін жобаларды жасады. Мен бұл жобаның Spirit of Tengri екенін, ол халықаралық деңгейге жеткенін және жоба арқасында еліміздің, Қазақстанның бренді дамығанын білемін. Батыр - жарқ етіп сөнген метеор. Бірақ ол қалдырған із, рух қаламызда. Оның бір бөлігі біздің жүрегімізде. Батыр, сенсіз бізге өте қиын болады", - деді Байтасов.

Қазақстандық экономист, қоғамдық-саяси қайраткер Оразалы Сәбденов "Жаңа Қазақстанды құру үшін дүниеге келген қазақстандық интеллигенцияның танымал тұлғасы бізден кетті" деді.


Фото: © Tengrinews.kz/Әлихан Сариев 

Батыр Қазыбаев - белгілі қазақстандық журналист әрі жазушы, көп жыл бойы облыстық және республикалық газеттердің редакцияларында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған, Қазақстан Компартиясы ОК хатшысы болған Кәкімжан Қазыбаевтың ұлы. Батыр Қазыбаев әкесінің жолын қуып, журналистиканы таңдап, табысты медиаменеджер болды.

Батыр Қазыбаев 10 жылдан астам уақыт құрамына Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz ақпараттық порталдары кіретін медиахолдингті, Жұлдыз FM радиостанциясы, Ретро FM Қазақстан, СТВ телеарнасын басқарды, "Жетінші арнаның" негізін қалады.

Батыр Қазыбаевты медиасфераға жол салған тұлға деп атауға болады. Ол әрқашан жаңа идеяларға ашық еді, бірінші болудан және тәуекелге барудан қорықпады. Осылайша, 2010 жылы Tengrinews жаңалықтар порталы пайда болды.

Батыр Қазыбаев ұзақ аурудан кейін дүниеден өтті. Ол 53 жаста еді.

Құрметті Батыр Кәкімжанұлы, сізді сағынамыз. Қош болыңыз, шеф...

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети