30 қаңтар 2016 | 14:08

Боксшылар, әншілер және тағы да басқа жас оптимистер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Иконка комментария блок соц сети
Астанада кеше Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс XVII съезі өтті. Съезде партияның сайлауалды бағдарламасы мен Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі жарияланды. Тізімге 127 үміткер енді. Мемлекет басшысы депутаттар құрамының 60 пайызы өзгергенін жеткізді. Съездің қалай өткенін, оған кімдердің келгенін фотобаян арқылы жекізуді жөн көрдік. Президенттің жеке фотографы бүгін VIP-тұлғалардың көп болатынын біліп, арнайы дайындалып келді.

Президенттің жеке фотографы бүгін VIP-тұлғалардың көп болатынын біліп, арнайы дайындалып келді.

Боксшы Геннадий Головкин "Нұр Отан" партиясы атынан депутаттыққа үміткерлер тізіміне енді. © Ақорда

Қазақстандық танымал спортшылардың бірі Серік Сәпиев те Мәжілістің алдағы құрамына үміткерлердің бірі.

Спортшылар партияның съезіне көп келді. Олардың бірі - Әлия Жүсіпова. Дегенмен ол партия ұсынған тізімде болмады.

Съезге келгендердің арасында елімізге танымал тұлғалар көп болды. Елдегі басты партияның мойынорағышын Әбсаттар қажы да тақты. Дегенмен тізімде оның да есімі болмады.

Фотода экс-депутат Светлана Романовская.

Жаңа құрамға экс-мәжілісмен Мейрам Бегентаев та кірмеді. Ол елімізді отбасымен бірге автоүймен саяхаттағанымен танымал.

Президент тізімге кірмегендерге алғыс білдіріп, депутаттар құрамының 60 пайызының өзгеру себебін түсіндірді. "Оның түрлі себебі бар: зейнеткерлік жасына жету, жас кандидаттарды таңдау. Заңды жасай білетін заңгерлер керек, Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайын білетін экономистер керек, сонымен қатар, әлеуметтік саладағы мәселелерді білетін де адамдар керек", - деді Мемлекет басшысы.

"Адамдарды не үшін ауыстырғанымызды түсіндіру керекпіз. Бұл алдыңғы депутаттардың жаман болғанынан емес. Өмір өтіп жатыр, барлығы өзгереді. Оларға алғыс айтамын. (...) Зейнет жасына келген мемлекеттік қызметкерлердің кетуі туралы заң шықты, жастарға орын беру керек", - деді Назарбаев.

Алдыңғы құрамнан жаңа тізімге енгендердің көңіл-күйлері көтеріңкі болды. Олардың арасында Мұхтар Тінікеев бар.

Дариға Назарбаева төменгі палата тарамастан бұрын кетіп қалған еді. Ол бірнеше уақыттан бері үкіметте жұмыс істеп жатыр. Кеше ол Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізіміне қайта енді.

Тізімге жаңадан енгендер партияластарының құттықтауын алып жатты.

Жаңа Мәжіліс әнге оранатын болады. Үміткерлер тізімінде әнші Қайрат Нұртастың да есімі бар.

Әнші Жанар Доғалова.

Әнші Жанар Доғалова.

Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева Геннадий Головкиннің сол жағына жайғасты.

Мемлекет басшысы қонақтардың арасынан Головкинді байқап, оған барлығын жеңіп, тезірек елге орал деді.

Чемпион өз кезегінде Елбасына алғыс білдірды.

Партия мүшелері селфи жасап та үлгеріп жатты.

Көп селфи.

Көп селфи.

© Тұрар Қазанғапов

© Тұрар Қазанғапов

© Тұрар Қазанғапов

© Тұрар Қазанғапов

Естелікке.

Естелікке.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сауд Арабиясына барды
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 523.81   550.47   5.01 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети