Басқалардың өнерін мұқият тамашалап, қимылын бақылау - шебер спортшыларға тән қасиет. Жас та болса, бұл балақай спорт тактикасын жақсы меңгеруге ұмтылып отыр. ©Massaget.kz
Шаршы алаңға шығып, бақ сынайтын кез де келді. Спортшылар сап түзеді. ©Massaget.kz
Жарыстың ашылу салтанаты Кеңес Одағының батыры, жазушы, Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қоюдан басталды. ©Massaget.kz
Сөзді Қазақстан бойынша карате федерациясының президенті Кармен Амангелдіұлы бастады. Барлық спортшыға сәттілік тілеген ол сайысқа дайындалуды тапсырды. ©Massaget.kz
Белдесу алдында Бауыржан атамыздың ерліктері туралы айтылды. ©Massaget.kz
Барлық қатысушы тізімге алынып, жарысқа әзірленіп тұр. Оларға ережелер мен тыйым салынған кей әдістер жайлы тағы бір мәрте ескертілді. ©Massaget.kz
Бұл жаттығулар тек 14 жастан жоғары және қоңыр немесе қара белбеудің иегерлеріне ғана арналған. ©Massaget.kz
Белсенді түрде жақсы жұмыс атқарып жүрген жаттықтырушылар арнайы халықаралық карате федерациясының сыйлықтарымен марапатталды. ©Massaget.kz
Спортшылар арасынан ерекше спорт түрін серік еткен қыздар да бар. ©Massaget.kz
Шаршы алаңға алғаш болып жас жаттықтырушылар шықты. Олар каратенің қыр-сырын толық меңгерген нағыз жаттықтырушы атына лайық өнер көрсетті. ©Massaget.kz
Спорт болғандықтан, жеңістің де, жеңілістің де қатар жүретіні анық, жарақат алып қалған спортшыға алғашқы көмек көрсетіліп жатыр. ©Massaget.kz
Кезек балаларға да келіп жетті, шәкірт те, жаттықтырушы да сәттіліктен үміттенді. Шаршы алаңда 7-8 жас аралығындағы балалар бақ сынап жатыр. ©Massaget.kz
Мына бір кішкентай бала бойындағы намыс отын лаулатып, жарыста бақ сынады. Бұл бала соққының қатты тигені үшін емес, ұтылып қалғаны үшін жылап жіберді. ©Massaget.kz
Бүгінгі жарыста қыздар да жоғары дәрежеде өнер көрсетті. ©Massaget.kz
Жарыс аяқталып, марапаттау рәсіміне кезек келді. Қуанғандар да, өкінгендер де бар. ©Massaget.kz
5 жасқа дейінгі қыздар арасындағы жарыста Әдия атты кішкентай қыз Республика чемпионы атанып, топ жарды. ©Massaget.kz
5 жасқа дейінгі ер балалар арасынан Орынбек Дәулетбек чемпион атанды. ©Massaget.kz