26 қараша 2015 | 12:36

Қар мен мұздан жасалған палитра. Астанада қытай мүсіншілері ертегіні қалай тудырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Иконка комментария блок соц сети
Астанада 1 желтоқсанда мұз қалашығының ашылуы болады. Оны Харбиннен келген қытайлық мамандар тұрғызып жатыр. Олар әлемдегі қар мен мұз фестивальдерінің барлығына қатысқан. Енді олардың туындысын Қазақстан астанасының тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады. Мұзды қалашықтың нақты қандай болатыны әзірше белгісіз. Дегенмен Tengrinews.kz фотографы құрылыстың кейбір тұстарын түсіріп алды. "Хан шатыр" сауда және ойын-сауық орталығына жақын маңда, мына арканың арғы жағында күндіз-түні  басты мұз қалашығын тұрғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Хан шатыр" сауда және ойын-сауық орталығына жақын маңда, мына арканың арғы жағында күндіз-түні басты мұз қалашығын тұрғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Астанаға қытайлық 70 маман келді. Оларды бірдей киім-кешегінен тануға болады.

Қытайлықтар өздерімен бірге жасанды қар мен мұз ала келді.

© Tengrinews.kz

© Tengrinews.kz

Мына жасанды мұздар түрлі түске боялды.

Мына жасанды мұздар түрлі түске боялды.

Түссіз мұз плиталары Есіл өзенінен кесіп алынды.

Мұз қалашығын тұрғызушылар Астанадағы жылы ауа райы мұздардың сапасына әсер етпейтінін айтты.

"Ноль градус қолайсыз, дегенмен температура минус 3-5 градус болса жақсы болар еді. Жұмыс істеуге болады. Тиісті мерзімге дейін аяқтауға тырысамыз. Бізге аздап аяз керек", - деді елордалық мұз қалашығын салумен айналысып жатқан фирманың директоры Мәди Қанапин.

Жұмысшылар бірнеше мұзды үйшікті тұрғызып қойды. Қараңғы уақытта олар жарық түстерге "боялады".

Кейбір мүсіндер үшін мұздар Есіл өзенінен кесіп алынды.

Сол мұздардан жұмысшылар лабиринттердің бірін тұрғызып жатыр.

Жаңа жылдың басты "аруы" өз кезегін күтіп тұр. Ол мұз қалашығының ортасына орналастырылды.

Шыршаның биіктігі 25 метр. Ол түрлі жылтырақпен, жұқалтырға оралған шарлармен безендірілген.

Жұмысшылар түскі, кешкі асты уақытылы ішеді.

Қытайлық мамандар елордадағы қонақүйлердің бірінде тұрып жатыр.

Мына вагоншалардың ішінде олар құрал-саймандарын сақтайды.

Мына вагоншалардың ішінде олар құрал-саймандарын сақтайды.

© Tengrinews.kz

© Tengrinews.kz

Қытайлық мамандарға мұзды қалашықты тұрғызуға 100-ден аса жергілікті жұмысшылар көмектесіп жатыр.

Күн сайын мұнда мұздар 50-60 көлікке тиеліп әкелінеді.

Жұмысшылар әкелінетін жасанды және табиғи мұздардың нақты көлемін білмейді. "Өте көп", - деді қалашықтың құрылысын бақылап жүрген Мәди Қанапин.

Кейбір жерлерге ағаштан жасалған қалыптар қойылған. Олар жасанды қармен толтырылады.

Кейін жұмысқа мүсіншілер кіріседі. Қардан әшекейленіп салынған суреттерден Астана нысандарының белгісін көруге болады.

Мұз қалашығының ауданы - 20 мың шаршы метр.

Бас шыршаны 1 желтоқсан күні Президент жағады. Ол мұзды қалашықтың ашылуына қатысады.

"Жасанды мұздар да ериді, дегенмен олар шынайы мұзға қарағанда баяу ериді", - деді жұмысшылар.

Мына құрылыс жергілікті, шынайы мұздан тұрғызылды.

Түрлі түсті мұздар ертегі кейіпкерлерін бейнелеу үшін қолданылады.

Харбиннен келген мамандар осы нысанды өткізгеннен кейін, Астанада тағы үш мұз қалашығы салынады.

Олар қалалық әкімдік жанындағы орталық алаңда, Есіл өзенінің жағалауында және "Отан Ана" ескерткішінің маңына тұрғызылады.

Орталық мұз қалашығында сырғанақтар, лабиринттер мен қардан жасалған мүсіндер болады.

Мұз қалашықтары ақпан айының соңына дейін болады. Қалалық биліктің мәліметінше, қала қонақтары мен тұрғындары демалыс күндерін үйде немесе сауда үйлерінде өткізбеулері тиіс.

Қазақстандағы аязды сезініп көрмеген шетелдік мамандар.

Күліп тұрған қытайлық бұл азаматты қаланың ана басынан да, мына басынан да көруге болады. Ол - барлық жобаның дизайнері.

Мына жазудың арғы жағында сырғанақ салынып жатыр. Онда бір уақытта 400 адам сырғанай алады.

Бұл осыған дейін елордалық Мәдениет басқармасының жетекшісі ұсынған мұзды қалашықтың эскизі. 1 желтоқсанда мұзды қалашық елорда тұрғындары мен қонақтарын қабылдай бастайды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сауд Арабиясына барды
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 523.81   550.47   5.01 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети