Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Қаныш Әубәкіров "Астана" ФК ойыншыларын Қазақстан Чемпионатының алтын жүлдесімен марапаттады. 20 қарашада "Астана" ФК мүшелерін салтанатты марапаттау шарасы өтті.
Қонақтар мен жанкүйерлер үшін ұйымдастырушылар қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен нағыз шоу өткізді. Команда мүшелерін түрлі номинациялар бойынша марапаттады. Клубқа деген адалдығы үшін - Таңат Нөсербаев (команда сапында 2011 жылдан бастап өнер көрсетеді), Дмитрий Шомко (2010, 2014); Маусымның үздік голы - Агим Ибраими - шотландиялық "Селтик" командасының қақпасына соққан голы; Маусымның ең жарқын сәті - Марин Аничич - "Жальгирис" командасына қосымша уақытта соққан голы; Көрермендер көзайымы: Патрик Твумаси; Маусымның үздік жаңа ойыншысы - Юрий Логвиненко; Маусымның үздік ойыншысы - Ненад Эрич.
Сонымен қатар, бас хатшы болашақта еурокубок ойындарына қатысатын ойыншыларға сәттілік тіледі. Еске салайық, "Астана" ФК футболдан Қазақстан чемпионы атағын мерзімінен бұрын жеңіп алды. Бұл команда үш жыл бойы жеңісті бермей келеді. 19 қарашада елордалық команда "Қайрат" футбол клубын 0:1 есебімен жеңіп, Қазақстан Кубогының иегері атанды.
Суреттер kazfootball.kz сайтынан