Полицейлер Ақтөбе әуежайында.
"Нұр сити" ықшамауданының тұрғындары полицейлердің жұмысын қарап отыр. Куәгерлердің айтуынша, 6 маусымда таңертен жаңадан салынған құрылыстардың бірінде атыс болған.
5 маусымда қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі енгізілді.
Ақтөбедегі Ақжар ауылындағы тікұшақ.
5-6 маусымда бірнеше дүкен мен банк жабылды.
"Нұр сити" ықшамауданындағы полицейдің машинасы
5 маусымда қылмыскерлердің әскерилер мен полицей қызметкерлеріне атыс ұйымдастырған Ұлттық гвардияның № 6655 әскери бөлімі
Ұрланған патруль көлігіндегі 6 адамнан құралған қылмыстық топ "Пантера" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасады. Онда екі келушіге пышақпен шабуылдаған: біреуін ұрған, ал екіншісін жарақаттаған.
Қару-жарақ дүкенінің жанында тұратын тұрғындар мынандай трофейлерді тауып алып жатыр.
Өзінің өңірінде болып жатқан жағдайды білу үшін жергілікті тұрғындар басқа қалаларға қоңырау шалған. Бүгін ғана қалада Интернет қосылды.
Жаңалықтарды факс арқылы жіберген.
Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі терактіден жараланғандарға барды.
Зардар шеккендердің төртеуі ауыр жағдайда жатыр.
Дәрігерлер олардың өмірін аман алып қалу үшін қолдан келгенін жасап жатыр.
"Өзімді жақсырақ сезініп жатырмын", - жедел қызметтегі сарбаз.
14 емделушінің жағдайы орташа.
Күдіктілердің палатасы жанындағы күзет
Жұмысшылар Ақтөбеден шығар жолда полицейлерге құмнан бекініс салып жатыр.
Дүкенге шабуыл жасаған кезде қылмыскерлер 17 дана оқ қаруды алып кеткен. Оқиға орнында сатушы мен дүкен күзетшісі қаза тапты. Сонымен қатар. өтіп бара жатқан адам да жарақат алып, кейіннен ауруханада көз жұмған.
"Паллада" дүкенінің жанындағы гүлдер мен майшамдар
Бердібек Сапарбаев Ақтөбе тұрғындарын антитеррорлық операцияға түсіністікпен қарауға шақырды.
Қалада осы уақытқа дейін қызыл деңгейлі қауіп сақталып тұр.