Музыкант көне дәуір аспабында ойнап жатыр. ©Николай Колесников
Сонымен қатар, көмеймен ән салып жатыр. ©Николай Колесников
Литаврамен сүйемелдеу... ©Николай Колесников
...керемет би. ©Николай Колесников
Кейін фестиваль сахнасына қазақстандық "Арқайым" тобы шықты. ©Николай Колесников
Олар қонақтарға авторлық шығармаларын ұсынды. ©Николай Колесников
Фестивальді жас топ "Шарапат" жалғастырды. ©Николай Колесников
"Шарапат" тобы электржетігенмен ән салды. ©Николай Колесников
Тооптың қалған мүшелері электрдомбырада ойнады. ©Николай Колесников
Қатысушылар сахнаға шығар алдында ЛЭД-дисплейден олардың елі туралы сипаттама айтылды. ©Николай Колесников
"Арғымақ" тобы The Spirit of Tengri фестиваліне бірнеше рет қатысты. ©Николай Колесников
Отанға деген сүйіспеншілік туралы әсерлі шығарма. ©Николай Колесников
Орыс халық әндері этно-рок стилінде орындалды. ©Николай Колесников
Көрермендер музыканттарды анық көргісі келіп барын салып жатыр. ©Николай Колесников
Сахнаға Түркиядан келген BaBa Zula тобы шықты. ©Николай Колесников
Олар этникалық әуендер орындап жатыр. ©Николай Колесников
Музыканттар шығармаларымен көрерменді баурап алды. ©Николай Колесников
Көрермендер өздерін ұстай алмай билей жөнелді. ©Николай Колесников
Грузиядан келген The Shin тобының атауы "Үйге апарар жол" деген мағына береді. ©Николай Колесников
Олар қонақтарға грузиннің дәстүрлі хорын орындап берді. ©Николай Колесников
Топтың қойылымы әсерлі шықты. ©Николай Колесников
Олар лезгинка биледі. ©Николай Колесников
Көмеймен айтудан шебер атанған тувалық Радик Тюлюш пен "Чалама" жобасы. ©Николай Колесников
Олардың орындаған әуендері көрермнедерді баурап алды. ©Николай Колесников
Музыканттар әндерін тувалық ішекті көне аспаптардың сүйемелдеуінде орындады. ©Николай Колесников
Радик Тюлюштің әндерін тыңдаған көрермендер. ©Николай Колесников
Сахнаға Ішкі Моңғолиядан келген Hanggai тобы шықты. ©Николай Колесников
Hanggai тобы моңғол рогымен фестивальдің алғашқы күнін аяқтады. ©Николай Колесников
Hanggai - моңғол сөзі, ол биік таулар, өзендер мен шексіз дала ұғымдарымен байланысты. ©Николай Колесников
Музыканттар моңғол мәдениеті мен музыкасын насихаттап жатыр. ©Николай Колесников
Осымен, фестивальдің алғашқы күні аяқталды. ©Николай Колесников
Фестивальдің екінші күні Батырхан Шүкеновті еске алу мақсатында оның "Отан Ана" әнімен басталды. ©Николай Колесников
Танымал композицияны фестиваль қатысушылары Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының хорымен бірге орындады. ©Николай Колесников
Қатысушылар "Отан Ана" әнін орындап болғаннан кейін жауын жауа бастады. ©Николай Колесников
"Алдаспан" тобы қойылымдарын жаңбырдың астында бастады. ©Николай Колесников
Көріп отырғандарыңыздай, жауын музыканттарға кедергі келтірген жоқ. ©Николай Колесников
Көрермендерге де жаңбыр ән тыңдауға кедергі келтірмеді. ©Николай Колесников
The Spirit of Tengri фестивалінің екінші күнінде қазақстандық "Тиграхауд" тобы да өнер көрсетті. ©Николай Колесников
Олар көрермендерді ерекше стильдегі сақтардың ұлттық киімімен таңғалдырды. ©Николай Колесников
Олар этникалық аспаптар арқылы қазақ рогын орындады. ©Николай Колесников
Таулы Шориядан келген Чылтыс Таннагашева фестивальге бұрын да қатысқан. ©Николай Колесников
Биыл ол қазақстандық белгілі DJ Нариманом Исеновпен бірге өнер көрсетті. ©Николай Колесников
Чылтыс өлім аузынан аман қалғаннан кейін көмеймен ән сала бастаған. ©Николай Колесников
Көмеймен ән салу электронды музыкамен керемет үйлесті. ©Николай Колесников
Кешті эстониялық Trad.attack тобы жалғастырды. ©Николай Колесников
Trad.attack композицияларын эстониялық тіл аспабымен, яғни варганға ұқсас аспап - пармупилле және үрмелі аспап торупиллемен орындады. ©Николай Колесников
Керемет көңіл-күймен музыканттар эстониялық дәстүрлі фальклорды заманауи орындады. ©Николай Колесников
Әсерлі ритм көрермендерді баурап алды. ©Николай Колесников
Кейін сахнаға КСРО және Қазақстан Композиторлар кеңесінің мүшесі Еділ Құсайынов Satzhan Project тобымен бірге шықты. ©Николай Колесников
Оның композициялары көне және заманауи музыканың үндесуінен тұрады. ©Николай Колесников
Музыкант фольклор, этно-симфониялық және этно-джаз-рок жанрларында орындайды. ©Николай Колесников
Nordic-Namgar ұжымында "Намгар" мен норвегиялық композитор Уле Йорн Миклбюст өнер көрсетті. ©Николай Колесников
Топ көрермендерге бурятиялық аспаптың сүйемелдеуінде Бурятиядан келген әншінің композициясын ұсынды. ©Николай Колесников
Скандинавиялықтардың орындауындағы әсерлі ритм. ©Николай Колесников
Сахнаға көрермендер асыға күткен венгриялық Hold Viola тобы шықты. ©Николай Колесников
Hold Viola тобының шығармалары мадьярлардың музыка мәдениеті негізінде. ©Николай Колесников
Музыканттар көрермендерге лирикалық көңіл-күй сыйлады. ©Николай Колесников
Hold Viola тобы фестивальге тағы да қауна қатысатындарын айтты. ©Николай Колесников
The Spirit of Tengri этнофестивалі қазақтың халық әні "Ахау керім" әнімен аяқталды. ©Николай Колесников
Сахнаға фестивальдің барлық қатысушылары шықты. ©Николай Колесников
Фестивальге келген көрермендер де ерекше көңіл-күймен қайтты. ©Николай Колесников