1. Басты
  2. Қара
Реклама
Реклама

Қазір мен үшін 10 жыл деген көп сияқты - Жұлдыз Абдукаримова

Bizben Podcast жобасының кезекті қонағы тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова болды. Ол жоба жүргізушілерімен ата-енемен, отбасындағы қарым-қатынас

Bizben Podcast жобасының кезекті қонағы тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова болды. Ол жоба жүргізушілерімен ата-енемен, отбасындағы қарым-қатынас туралы сөйлесіп, халық алдына шықпаған 10 жылда немен айналысқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол келін болып түскенде тамақ істей алмағанын сөз етті.  

"Шын ғашық болсаңыз, сүйгеніңізді дүниеге алып келген анасын да жақсы көресіз. Баласы жақсы да, өзі жаман болмайды ғой. Мен де келін болып түскенде түк істей алмайтынмын. Шәйнектің астын жағу болмаса, қолымнан түк келмейтін. Енеме "Қолымнан ештеңе келмейді, тамақ жасай алмаймын" деп басын ашып алғанмын. Сол кезде енем "Еш саспа, бәрін өзім үйретемін, адамның істегенін адам істей алады" деді. Сөйтіп үйреніп кеттім. Басында тұзы көп болып кетеді, біресе тұзы жетпей қалады. Ал қазір асты ең дәмді дайындайтын мен шығармын", - дейді күліп ол. 

Сондай-ақ, актриса үйдегі шаруаларды күйеуі мен әйелі қалай бөлісуі керегіне тоқталды. 

"Тамақты әйелі істеуі керек болса, күйеуі асырасын. Қаражатын берсін. Айлығының бір бөлігін берсін, азық-түлік ақшасын бөлек берсін. Баста үйленбей жатып келісіп алу керек. Өз басым, ас үйде күйеуім жағаласып жүргенін ұнатпаймын. Не ол істесін, не сен істе. Өйткені біреуі келіп тұз, екіншісі бұрыш салып кетсе не болады? Дәмсіз болады ғой. Сондықтан қазан-ошақ басына бір адам жауап бергені дұрыс шығар", - деді Жұлдыз Абдукаримова.

Сонымен қатар, әңгіме барысында ол халық алдына шықпаған 10 жылы туралы айтып берді.  

"Үй тірлігінен, отбасынан, бала-шағадан басқа уақыт тапшы болды. Басқа тірлік істейін десең уақыт жоқ. Бала бірінің артынан бірі келгеннен кейін оларды тастап кетпейміз ғой. Қазір мен үшін 10 жыл деген көп сияқты. Қалай шыдадым деп ойлаймын. Жастықтың буы, жастықтың энергиясы шығар. Келін, ана уақытынан өтемін дегенше, 10 жылға жиналып қалыпты", - дейді ол. 

Еске салайық, бұған дейін Bizben Podcast жобасының қонағы фактчекер-журналист Думан Смақов болған еді. Ол жоба жүргізушілерімен антиваксер, жалған ақпарат тарату туралы әңгіме қозғаған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама